Өлең, жыр, ақындар

Жүзінші тілек

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 345
Отырмыз біз ет пісірім қозғалмай
Жұқа жүйке, жұқа жерлер тозғандай.
Бұлақ болып ағып жатыр шарабы,
Желдей ескен, оңды-солды сөз қандай.
Жас жұбайлар, ал сол үшін — ішелік!
Ата-анасы,ол үшін де — ішелік!
Былтыр өлген әкесіне — ішелік!
Бөбек болар ілгеріде — ішелік!
Бастық болсын болашақта — ішелік!
Ден саулығы, сол үшін де — ішелік!
Ақ жаулығы, сол үшін де — ішелік!
Оң саулығы, оған да бір — ішелік!
Ерте кезек тигендері жайдары,
Кезек күткен ойға кетіп қайдағы.
Сөз бермесең — арын төктің, сорлының,
Адам қоры, қотыр түйе тайлағы.
Мен санадым тоқсан тоғыз "ішелік"
Ішкен сайын кейбіріне күш еніп.
Ал біреуі үш ұмтылып тұра алмай,
Тырбаңдайды, байғұс, шындап күшеніп.
Жүзінші боп мен де тұрдым орнымнан,
Ішкіштерге бір әдемі тор құрғам.
Ішпесең де ұстап тұр деп бергенін,
Алмай қойдым, әз тілекті қор қылман.
Ұмытпадым беріктігін елімнің,
Мақтан еттім көрік-нұрын келіннің.
Қонақ, сірә, ырысымен демей ме,
Құтты қонақ қабылдасын төрің мың.
Тағы айтылды ойға сонда түскендер
Сөз қорлайсың, тыңдамайды ішкендер.
Ең соңында: "Ей халайық! — дедім мен,
Осы тілек үшін бірақ ішпеңдер!".

Ақтау. 27.10.1993 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтелмес бұл өмірде қарыздармын

  • 0
  • 0

Тербетіп талай мені таң атырдың,
Қаның мен жаныңнан мен жаратылдым.
Парызын ең ақырғы өтей алмай
Топшысы сынып жатыр “қанатыңның”.

Толық

Бас кәсіп

  • 0
  • 0

Зәтiм қазақ тамыры тереңдегi,
Әлiмсақтан мал бағып, жер өндедi.
Аңыз айтып, термелеп, жырлап өткен,
Кәсiбiнiң бастығы өлең бе едi?!

Толық

Мұхамбет пайғамбар өсиеттерінен

  • 0
  • 0

Ұғып ал, Әлі, Әлемді
Ұлы Алла жалғыз жаратқан.
Жан берді сазға, тірілтіп,
Бойыңа жатыр тарап қан!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар