Өлең, жыр, ақындар

Өтелмес бұл өмірде қарыздармын

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1098
Тербетіп талай мені таң атырдың,
Қаның мен жаныңнан мен жаратылдым.
Парызын ең ақырғы өтей алмай
Топшысы сынып жатыр “қанатыңның”.
Өзіңдей жоқ қой енді жанашырым,
Жетімдік басқа түсті, ана, шыным.
Сала алмай бір-ақ уыс топырақты,
Жылайды жақсы көрген “қарашығың”.
Күтіп ем жылдан жылға ержетермін,
Сезбеппін “ит өмірдің” кер кетерін.
Кім білген тобық жұтқан бұл өңештің,
Бір қасық сорпа жүрмей терлетерін?
Емес ем сойы тентек ұрыншақтың,
Зауалын тарттым сонша “зұлым шақтың”.
Жан даусы жетті ме, ана, шыңғырғанда,
Қылбұрау мықтап түскен “құлыншақтың?”.
Тырнағын салып жатыр жауыз қайғы,
Ұлыңа бір жұтым су, ауыз қайғы.
Жұмада, мүмкін, сені жерге берер,
Ал мені тағы да бір “бауыздайды”.
...Айтылмай кетер енді арыздарым...
...Білемін ана алдында парыз барын...
...Анажан, ақ сүтіңді кешіре гөр,
Өтелмес бұл өмірде қарыздармын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ізде өзің қуаныш маңайыңнан

  • 0
  • 0

Әрекетсiз омалып отырады,
Айтатыны баяғы қотыр әнi.
“Ғұрпым азды, қуаныш құрыды” деп
Тұйық суда сасиды, тотығады.

Толық

Дәме

  • 0
  • 0

Кенже қалып бұл жарысқа қосылдым,
Сынап көрші, халқым, бағын осы ұлдың.
Мүмкін шауып бәйгі алармын жарыста,
Демігермін, ұзай алмай алысқа.

Толық

Бойжеткен арманы

  • 0
  • 0

Қандай тәтті бойжеткеннің арманы,
Елестеткен бар өмірін алдағы.
"Қиял отау" кіріп алсаң шыққысыз,
Тіршіліктің зіл салмағы алда әлі...

Толық

Қарап көріңіз