Өлең, жыр, ақындар

Бойжеткен арманы

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1053
Қандай тәтті бойжеткеннің арманы,
Елестеткен бар өмірін алдағы.
"Қиял отау" кіріп алсаң шыққысыз,
Тіршіліктің зіл салмағы алда әлі...
...Тумадым деп хаса сұлу мұңайма –
"Мен риза қара торы шырайға,
Саған ғана ынтазармын!" – десе, а?
Алғыс болсын айтатұғын Құдайға.
...Болса өзі өткір жігіт, бойы ұзын,
Деп тұрғандай мен ерлердің сойымын.
Ал қыздарда жалғыз сұрақ, бір дәме,
Кімге жұлдыз, кімге бақыт, ойы кім?..
...Сонда айтса ғашық болдым өзіне,
Ештеңе етпес сәл қысықтау көзі де.
Сұлудан да сүйген сұлу деген бар,
Алса түсем осы қыздың тезіне.
Мұрны тәмпіш десе егер... о несі?
Сөз қыла ма сүйгенінің денесін?
Айтса айтсын, сол мұрын мен сол көзбен,
Жүзіп кетсем, мініп бақыт кемесін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыл өткен сайын

  • 0
  • 0

Жыл өткен сайын сеземін
Алып жүр әжім кезегін.
Дер едім олар әдемі
Торласа бетін әженің

Толық

Жақындайсың бір аттап

  • 0
  • 0

Қалмайды адам бұ пәниді тұрақтап,
Мәңгі өмірге жақындайды бір аттап.
Мына сөзді, тыңдап көрші, ағайын,
Бір ойымды болдым елге сынатпақ.

Толық

Қызыл көйлек етегін

  • 0
  • 0

Қызыл көйлек етегін
Жиектетіп ақпенен.
Сәулем қайда барасың?
Қол ұстасып жатпенен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар