Өлең, жыр, ақындар

Бір үй бар-ау

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 343
Терезеден телмірем отаныма —
Сар далама, адырлы, жоталыма.
Жүйткіп аққан пойыздың сыртылына
Дүрс-дүрс етіп жүрек үн қосады да.
Көз жетер жер жақындап, демде келіп,
Шыр айналар, дүние дөңгеленіп.
Бір үй бар-ау тарыққан, сол далада.
Мазалайды жайсыз ой, кейде келіп.
Бір үй бар-ау, жотаның аржағында.
Тұрмыс тұр ма жоқтықтың жар жағында?
Тұзы, суы бар ма екен байғұстардың,
Қонақ күте ала ма барғанында?
Қанша мезгіл маңдай тер төккеніне?
Өмір сүрдік дей ме екен, текке міне.
Ұл-қыздарың ұшырып үлгерді ме?
Шаруасы шайқалып кетпеді ме?
Бұ заманнан, Алладан тілегі не?
Бұ тірлікте сенгені, тірегі не?
Жақсылық деп зарыға күткен хабар,
Қадалмай ма жебе боп жүрегіңе?
Сол бір үйді жотаның жанындағы,
Даладағы, шөлдегі, сағымдағы —
Жебей көрші, ей Алла, жебей көрші,
Тайып кетер басымнан бағым тағы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күлдіреуіш

  • 0
  • 0

Қасиетті қазақтың шаңырағы,
Сан сырыңды, құпия, таныр әлі.
Талай ғасыр сарқылмай сені жырлап,
Саз сыйлайды қазақтың қоңыр әні.

Толық

Сезімдер

  • 0
  • 0

Тасыған сүттің көбігі сынды игертпей,
Бас ала қашып, саусаққа сезім үлгертпей
Сабаға түспес, арыны күйші басылмас,
Кеудені жарып шығатын жойқын күй шертпей.

Толық

Інімен әңгіме

  • 0
  • 0

- Аға! Қалай атандың жақсы азамат?
Үлгi тұтты өзiңдi жақын мен жат.
Бұлтарыс па, даңғыл ма өмiр жолы,
Жан қинай ма ұзақ жол тақым қажап?

Толық

Қарап көріңіз