Өлең, жыр, ақындар

Арман-сыр

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 445
Жұмақ па екен, Жер ме екен?
Ауыл ма екен, ел ме екен?
Ақынның жаны аңсаған,
Қайдасың, қайда сол мекен?
Кіл пайғамбар қарттары,
Жігіттер қандай — мерт бәрі.
Ұлы жол, ұлы керуен,
Арманы елдің, артқаны.
Аналар атты керімдер,
Қызғалдақ қыздар, өрімдер.
Әр түндікте жұлдыз боп,
Тұтқасы ошақ — келіндер.
Ағасы елдің үні боп,
Ибалы кіші іні боп.
Қаумалаған қарындас,
Шеттерінен міні жоқ.
Жүздері жылы сыз атпай,
Өкпесі болса ұзатпай.
Кілең бауыр, жаты жоқ,
Жанарлары мұз атпай.
Осындай қазақ санасы,
Көңілдің болмай аласы,
Жайнайды қызы, баласы,
Гүлдейді байтақ даласы.
Өктем бе екен, күз бе екен?
Ертең бе екен, біз бе екен?
Бұлбұл жанса ұл-қызым,
Гүл-гүл жанса тұз, мекен!
Сенемін, Күнім атасың
Табар-ау жұртым қатасын
Ой-қиял менің бақытым,
Оңашада бататын.

Астана, 17.02.2002



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 0
  • 0

Жолда қалған елімнің жүктері бар,
Жігіт болсаң – ізде, тап, бөктеріп ал.
Сөгілгенше қабырғам арқалаймын,
Көре алмассың ұлыңның төккенін ар.

Толық

Ау, халайық!

  • 0
  • 0

Мендей ұлды қалайша елемедің?
Дұрыс еді дер кезде демегенің.
Өзің үшін тер төккен бір баланың,
Біліп жүрші арам ас жемегенін.

Толық

Құлы болып сауданың

  • 0
  • 0

Ажырықпен салыстырып,
Адыраспан, сенi де,
Кемеңгермен салыстырып
Қара жаяу менi де – түкке алғысыз етедi.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар