Өлең, жыр, ақындар

Құрдастар

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 616
"Жаман қатын" қалай жүр маңайында?
Күпі киіп, керзі етік жаз айында?
Бір кездегі сұлуды сылаң қаққан,
Күте алмаған өзіңнің сазайың да!
Жүрісің-ай, баса алмай ылбыраған
Жұмысын-ай, жүн түтіп, қыл бұраған
Қайран құрдас, сұлу қыз, күміс көмей,
Едің бір кез атанған "бұлбұл адам".
Жасамапты жұмысын өкіметтің
Отын жаққан ұл-қызға көкіректің.
Өсіргені шын ба екен он бес бала!
Онда біздер біріміз жетімектің.
Жап-жас болып бұл күнде ел енесі,
Шалқып жатыр көрінбей кенересі.
Рас па екен дегені көршілердің:
"Отыз шақты боп қалды немересі".
Ғалым екен бір ұлы елден асқан,
Күйеу қанша, ұл қанша тең, жарасқан!
Ұшқышы да, қойшысы өз үйінде.
Бас иеді езіне Жер мен Аспан!
Жарымай-ақ қойса да баспанаға,
Басқа жаннан бақыты асқан ана!
Сыңғырлайды күлкісі құлақ тербеп,
Лайықты дыбыспен жасқа ғана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Артың анық, алдың елес

  • 0
  • 0

Артың анық, алдың елес әрқашан,
Өткен тұман, ертең үміт нұр шашар.
Болашағың ой-қиялдан өрілсе,
Артта қалған өзің басқан із жатар.

Толық

Өмір деген — қателер жиынтығы

  • 0
  • 0

Ұғып өскем табиғат дәрістерін
Сияқты еді бұл өмір жарыс керім —
Дейді бір қарт таңдана заманына,
Оймен шолып тыңдырған әр істерін.

Толық

Жайлауда

  • 0
  • 0

"Төре жайлау", қауыштым мен сенімен,
Сұлулықтың, апырмай, сен шегі ме ең!?
"Мүсілім сай" бастауы - қарт әженің,
Иіп кеткен ұлына емшегі ме ең?

Толық

Қарап көріңіз