Өлең, жыр, ақындар

Өмір деген — қателер жиынтығы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 290
Ұғып өскем табиғат дәрістерін
Сияқты еді бұл өмір жарыс керім —
Дейді бір қарт таңдана заманына,
Оймен шолып тыңдырған әр істерін.
Жоғалтыпты күшін заң, ереже де,
Өмір-айна айналған терезеге.
Ар мен ұят қалтаға еніп кетіп,
Бар "кісілік" жайғасқан кебежеге.
Кеше ғана кіл бауыр, жолдас еді,
Атақты еді, шетінен қолбасы еді.
Жеткізе алмай жағаға, енді міне,
Тығырыққа тірелді алғаш елі.
Сан тарам жол, баспаған бұрын бірі,
Құпиялы, ашпаған сырын тірі.
Қате басып өз жолын тани алмай
Кеткендердің не болар ертең күні?
Ойланып тұр таңдана заманына,
Тәуекелшіл жан еді шамалыға.
Кім тұсауын кеседі, алпысында,
Той,той басқан алғашқы қадамына?
Ажырайды-ау ағайын айырықта
(Сескенеді болашақ жайын ұққан).
Мұз көңілге қанағат сәуле түсір,
Атар сонда, у бұлттан, айығып таң.
Бұ заманда мінілмес "аттың майы,"
Бұрынғыдай озбайды көрші тайы.
Соларынан айрылса не болады
Қазақ болып жаралған елдің жайы?
Қызыл тілдің кетілді "жорға жағы",
Түсе алар ма араша "арға жаны".
Бүгінгі сөз шешінген тыр жалаңаш,
Бүгінгі ой шекпенсіз бір ғажабы.
Күліп өтер ойсыз жан, көңілді адам,
Танымайды дананы "өмір-надан".
Осы екеуі тірліктің парқын бұзар,
Әділетсіз көрінер заман содан.
Өмір... Өмір — қозғалыс, қадам басу,
Түсініспеу, кей-кейде жамандасу.
Өмір деген — кешірім, ақыл билеп,
Амалсыздан жауыңмен амандасу.
Өмір сирек сыйлайды сүйіншіні,
Өмір — өрмек, сәттілік — қиын тіні.
Әрбір қате қадамың — ол да өмірің,
Өмір деген — қателер жиынтығы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сезім

  • 0
  • 0

Сезім... Сезім — мәңгі жас көктембісің?
(Табынтады тірлікті көктем — күшің!).
Аяйтын ем мезгілсіз бүр жарғанды,
"Көктем сезім" күзінде шеккенді шын.

Толық

Нөсер

  • 0
  • 0

Көкшіл теңіз… толқындарға жарылып,
Көздің нұры шексіз бұлттан жалығып.
Бір пәлені сезгендей ме мына тұт,
Дірілдейді қара терге малынып.

Толық

Менде бір арман бар

  • 0
  • 0

Менде бір арман бар.
Омыртқасының жұлыны,
Бура санының жілігі,
Бұлшық етінің сіңірі —

Толық

Қарап көріңіз