Өлең, жыр, ақындар

Тілек

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 338
Сегіз жұмақ, жеті аспанның иесі,
Жан мен Рух, Ақыл, Иман киесі —
Өзің, Алла, жаратушы Құдірет,
Бар ғаламның түсінігі, жүйесі.
Сезе алсақ қой, бізге қандай сый алда?.
Малғұн алдап сеніп қалма, қиялға.
Кешірімнен құр тастамас Жаратқан —
Лә иллаһа, дегендерге, Илалла.
Тартар дейді дінсіз жандар сазаны
Қорқынышты-ау, Тозақ оты, азабы.
О дүниеде... тірілтеді, ал сосын,
Күнәң үшін артар ауыр жазаны.
Ашып берер қулық, сұмдық кесірін,
Үйрететін ғылым, білім не түрін —
Құран оқы — Алла құлы, жалбарын,
Сұра, сұра қатең үшін кешірім.
Үмбетіңбіз, Алла елшісі Мұхамбет,
Күнәміз көп, жасты содан, жұтам көп.
Мынау жерді торлап кетті бәсеке,
Құтырынды бірін-бірі ұтам деп.
Алла өзің тура жолды беріп ең,
Ерік беріп пенделерге көріп ең.
Жалмап жұтып жатыр жерді кеміріп,
Жиренеді Жұмақ атты төрінен.
Кешір, Алла, өтсе күнә Атамнан,
Кешір, Алла, болса кемдік Отаннан.
Кешір, Алла, соны соқпақ іздеген
Кетсе қате Сені іздеген ботаңнан.
Ие Алла, Өзің жалғыз, Ұлысың,
Адам атты Жер жараттың құл үшін.
Өспет қып Құран Кәрім түсірдің,
Иман нұрмен безендіріп, кіл, ішін.
Адамшылық, мұсылмандық күйге енер,
Уа, Жаратқан! Талап берші үйренер.
Адасқанға сана берші, ей Алла,
Жерді Жұмақ... етер Сені сүйген ер.

Алматы. 27.07.2000 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оңаша сәт

  • 0
  • 0

Сезбей қалам оңаша сәттерiмде
Өзiмдi ой ұрлап ап кеткенiн де.
Қимас шаққа – бал дәурен жеткенiме,
Гүл жинаған алғашқы көктемiме…

Толық

Сын

  • 0
  • 0

Меңгеріп ұстаз тән ісін
Оқыттым көп жыл мүдірмей.
Шәкірттер ұғып мәнісін
Тапсырды сынын кідірмей.

Толық

Елуге толған ұстазға

  • 0
  • 0

Төрт жирма бес өмір сүрген адам бар,
Әр қайсысы – ғажап алып қадамдар.
Бір жирма бес өмір сүрген адам бар,
Тындырғанын зерттер талай замандар.

Толық

Қарап көріңіз