Өлең, жыр, ақындар

Есім жиып

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 461
Есім жиып жан-жағыма қарасам,
Ойым ойға бөлінгені, сана — сан.
Отан азат... Тәуелсіздік
Тек өзің Сол заманға ұл болуға жарасаң.
Мынау кімдер?
Құдай өзі сақтасын!
Құтырынған
Бақыт басын тапқасын
Күйретуде керегесін, бесігін,
Еркіндіктің дәмін сәл-пәл татқасын.
Таппастай боп талай достар адасқан,
Анау жаулар... қайтіп, қалай жарасқан.
Түсініксіз ақыл жетпес құбылыс,
Орнында ма Жұлдыз бен Күн, Жер, Аспан?
Еркін, көркін жоғалтқандар баршылық,
Қалғандар бар ар-ұяттан аршылып.
Бұ не ғажап... Адам азған, ел тозған,
Жатыр ма әлде Жаратқаннан "кәр" шығып.
Адам, сана, болмыс — түгел санасқан,
Жиркенбейді арам, ірің, қан астан.
Аю анша тірлік етіп, ал тіпті,
Тыр жалаңаш, ел көзінше жанасқан.
Бәрінен де айрылғандар баршылық,
Тағдыр-салмақ, көтере алмай жаншылып.
Тағдыр-заман, бірін зорлай түлкі етсе,
Ал біреуін жіберіпті аңшы ғып.
Сонда, Тірлік!
Сыр сандықтың кілті не? —
"Заман шалар" айналу ма түлкіге?
Тақ пен баққа құл болу ма иіліп?
Арсыз пішін енгізу ме күлкіге?
Мен көнбедім соған терең қалталар,
Аса байлық өз тамырын балталар.
Өр кеудемде ізгі жүрек аман бол,
Қанағатқа қосылып ап жол табар.
Тұрмас сірә, ғұмыр озбай, тоң тозбай,
Көн болады ана бетің - мұнтаздай.
Парасатым мені ілгері бастай бер,
Мен өтермін арам асқа қол созбай!

Өмірзақ. 5.05.2001 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құстар, құстар

  • 0
  • 0

Жаз базары толық әлі тарқамай
Күз де жетті өз міндетін арқалай.
Құстар, құстар... сызылтып ән салады,
Біздің жерде қалғаны да бар, талай.

Толық

Ойлар, ойлар...

  • 0
  • 0

Ойлар, ойлар… келеді де кетеді
Шеттерінен бір-бірінен өтеді.
Қиял-сұңқар қанатына мінгізіп,
Алып кетер сол ойлардың жетегі.

Толық

Бәсеке

  • 0
  • 0

Атағының жаны ашып жабысына
Қазақтар жүр жарыста сағы сына.
Арғымағын оздырып ағылшынның
Бiр қазақ жүр мастанып табысына.

Толық

Қарап көріңіз