Өлең, жыр, ақындар

Құстар, құстар

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 822
Жаз базары толық әлі тарқамай
Күз де жетті өз міндетін арқалай.
Құстар, құстар... сызылтып ән салады,
Біздің жерде қалғаны да бар, талай.
Аққулар жүр айналаға жарасып,
Жұп-жұп болып ауыздарын жаласып.
Жесір қалған ақ әжедей біреуі
Жеке жүзер, әуреленбей таласып.
Қарға біткен бүгін сонша қарқылдап,
Бір таныстай ішіп алса барқылдақ.
Мәнсіз ұшып, сәнсіз қонып, алаңдап,
Ұрылардай, арам ойлы, қалтылдақ.
Тырна біткен сезімімен қауышып,
Біздің жердің бар қызығын тауысып
Жөнеп кетті басшыларын сайлап ап,
Тұра ма екен "жебе басы" ауысып?
Өнерлі жан, тәуір жігіт, дүлдүл бар,
Қыз ішінде жеміс берер гүлгүл бар.
Өз бағыңда, өз тіліңде сайрайды
Өнер ортақ десе дағы бұлбұлдар.
Адамда да құста да бар ірілер,
Қағып тастар бірі сұңқар, бірі ер.
Бірін-бірі жұтса тірі адамдар,
Тамағы да шағаланың тірілер.
Ойлай берсең әр нәрсені сорлайды ар,
Байғызға ұқсап жұмбас көзін ондайлар.
Алаңдамай өмір сүрер біреулер,
Ештеңемен істері жоқ "торғайлар".



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақындар — бір халық

  • 0
  • 0

Бір ақын жүр ұлымын деп иланып,
"Жұлдыз" аты жетпей біреу жүр налып.
Барлық ақын бір ниетті, бір тілді,
Аз да емес, көп те емес — бір халық!

Толық

О, Тарих!

  • 0
  • 0

О, Тарих! Сен бе едің атам менің,
Алыстан желеп-жебер батаң-демің.
Күлтегін бабам екен, сенің арқаң
Боп шықты ең тәттісі татар дәмнің.

Толық

Менде бір арман бар

  • 0
  • 0

Менде бір арман бар.
Омыртқасының жұлыны,
Бура санының жілігі,
Бұлшық етінің сіңірі —

Толық

Қарап көріңіз