Өлең, жыр, ақындар

Ақындар — бір халық

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 421
Бір ақын жүр ұлымын деп иланып,
"Жұлдыз" аты жетпей біреу жүр налып.
Барлық ақын бір ниетті, бір тілді,
Аз да емес, көп те емес — бір халық!
Ақын азса елдің де сол жобасы,
Ақын аш па ел қайыршы, жоқ асы.
Қаңғып кетсе ақындары "ел ақтап"
Таба алмассың сол халықтың моласын.
Елім деп тек ақын жүрек толғайды,
Ақындарға өкпелеуге болмайды.
Тентек ақын, бақсыз ақын, сорлы ақын
Көптеу болса — елің сондай, сол қайғы.
Ақын жаны — ел рухы, мерейі,
Ақын ойы — даналығы, тереңі.
Ақын деген адам емес — көрсеткіш,
Парасаты, сол елдің дәл дерегі.
Бір ақын жүр ұлымын деп иланып,
"Жұлдыз" аты жетпей біреу жүр налып.
Барлық ақын бір ниетті, бір тілді,
Аз да емес, көп те емес — бір халық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үміт

  • 0
  • 0

Сарғайғанда тіршіліктен сән кетіп,
Көз ұшында – сүрген өмір, әндетіп.
Торыққанда тағдыр иттен жиреніп
Үлгердің ғой – Үміт, Үміт сен жетіп.

Толық

Жаңа жылда

  • 0
  • 0

Кетті бір жыл төгіп жерге ұл-қызын.
Жетті бір жыл — болашағың, жалғыз үн.
Кетті бір жыл көміп жерге үмітті,
Жетті бір жыл жағып арман жұлдызын.

Толық

Сыр ашу

  • 0
  • 0

Өзіме емес,өзгеге емес — халқыма
Еңбек еттім, бір дем алмай, алқына.
Ұлыма емес, тілек тілеп еліме
Өмір сүрдім жүрек жара, сарқыла.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар