Өлең, жыр, ақындар

Қашаған ата өкпесі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 356
Мен Қашаған ақын өнеріне таң қала табынатын көптің бірімін. Алыс сапардан келіп атамды іздеп барсам: буырқанған ақындығы байқалмаса да мүлгіген иманды жүзі бар, жыр-дария дархан болмысы танылмаса да сыпайылығы бар, қазақ екендігін, оның ішінде адай екендігін көрсетер ештеңесі болмаса да үстіндегі қымбат шапанымен көзге түсер Қашаған атаның орнын сыйпап қалыппыз. Басқасын жасапты.

Басқа Қашағанга назарым түсіп кетіп еді — ұялғаннан көзім өзінен-өзі жұмылып кете барды. Сасқаннан отыра кетіппін. Есеңгіреп отырып есімді жоғалтып, қалғып кетулімін. Түсімде Қашекеңді көрдім.

Жардай ақ атанға мінген, қасыңдағы аттылардан еңсесі биік, рухы жоғары алпамсадай аптал азамат бар әлемді қозғалысқа түсіріп жіберер екпінмен жақындап келіп қалыпты.
Ұшып тұрып басымды идім. Ол күлден шыққан қожалақ собалақтай мүсінді иегімен нұсқады да:
— Мынау кім ? — деді.
— Танымаймын — деппін.
— Не деп жазыпты?
— Қашаған.
— Е, бұл адайлар маған бұрын өзгенің шапанын жауып сүмірейтіп еді, енді бит күпі жауып қорлайын деген екен!
Жуасытып ақ бұлттан атан мініп
Келіп қапты, көңілді, атам күліп.
Көзі түссе мүсінге, күтіп тұрмын,
Шығарар деп, тентек шал, қашан бүлік.
— Мынауың кім?.. Жиналған жаныңа мың?
— Танымаймын, деппін мен, танымадым.
— Оқы, деді, жазуын!.. Оқып бердім.
— Қашаған — деп, қорлана, қамығамын.
Ұстап еді тіріде жел өтіне,
Енді өлді деп сала ма келекеге?
Менен жердің байлығын қызғанғанда,
Бергендерің еліңді ел ете ме?
Халқым еді, кезінде, асыраған,
Өкпелімін, мен енді жасыра алман.
Алмадыңдар Алланың нәсібесін,
Өтейсітер тағы да ғасыр алдан.
Дария едім, жыр едім сарқылмаған,
Мен емес пе ем — ардақтар қартың, бабаң?
У қорғасын денемді күйдіреді,
Емес пе еді лайық алтын маған?
Қышытады бит күпі жауырыңды,
Зәрлі темір жеп болды бауырымды.
Өз бабаңа кигізер күпі таппай,
Қастерледің қалайша кәуіріңді?
Үндемейсің, бірдеңе демейсің бе?
Бір сөзім бар, шырағым, елейсің бе?
Шешіндіріп атаңды қайта-қайта,
Ау, адайлар, соншама кедейсің бе?
Жіберіп ем еліңді бұлақ қылып,
Тыңдап еді-ау, бар әлем, құлақ түріп.
Ескерткіш деп жерлесім қалай аштың,
Жіберсең ед қайшысын лақтырып!
− Ата, деппін, сөйлейін жарылып бір,
Ақтарайын сырымды арылып бір.
Өнерлі елдің төлі едік, өзің көрген,
Бұ күндерде өрісім тарылып тұр.
Аңтарыла әркімге қарап қалдық,
Жыр орнына тост айтып, арақты алдық.
Светқали, Сабырға ерітерлік
Жалын тарап бір құлын жаратпадық.
Нан табудан басқаны ойламаса,
Мәңгүрттенер, өнерсіз, тойған аса.
Адай деген арынды ұлы елдің
Табиғатын ұғынбай, бойламаса.
Ұлылықтан, даналық кенде емес ек,
Ата өнерін өзгеден кем демес ек.
Ұлттың беті — өнері, сазы — жаны
Бала қайда, сөз тыңдар, жөнде десек.
Құлап жатыр құлпытас омырылып,
Опынармыз өнерді соң үғынып.
Осындайда шіркін-ай, бір ұл керек,
Бұзып-жарар, танытар соны қылық.
Аяғына сөзімнің қарамапты.
Бір шолып ап қаланы, дала жақты —
Жай түсірер бір сөзбен, асыл атам,
Бұлтқа мініп шарықтап бара жатты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Каспий толқындары

  • 0
  • 0

Ойыны ма –толқындардың жарысқан,
Ерегес пе – мен де сенен қалыспан.
Табанына тапталмауға басқаның
Соңғы дем бе, қорқыныштан жан ұшқан?

Толық

Қазағым

  • 0
  • 0

Махамбетке өмір сыйлап қазағым,
Аңқылдады cap далада қазақ үн.
Қалай көзі мерт етуге қиды екен
Мен тұтамын әлі күнге аза, мұң.

Толық

Алғашқы махаббат

  • 0
  • 0

Сағынамын, алғашқым, өзіңді тек,
Өткен күндер жұқартты төзімді жеп.
Тағдыр сызған жазмышқа бағындық та,
Өмір сүрдік, амалсыз, сезім тежеп.

Толық

Қарап көріңіз