Өлең, жыр, ақындар

Уайым ба?

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 542
Уайым ба тәйірі,
Қара бастың қайғысы
Бағым аз деп мұңаяр,
Қара басып қай кісі.
Ақыл әлде надандық —
Бәрі басын қамдайды.
Сәл балтыры сыздаса,
Көп кісіге жан қайғы.
Талабы асқан ер көрсе,
Ер арманы ұлғаяр.
Ел қамымен күн кешер
Ел деп туған тұлғалар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтелмес бұл өмірде қарыздармын

  • 0
  • 0

Тербетіп талай мені таң атырдың,
Қаның мен жаныңнан мен жаратылдым.
Парызын ең ақырғы өтей алмай
Топшысы сынып жатыр “қанатыңның”.

Толық

Сыр

  • 0
  • 0

Ұйқысыз таңды атырсаң
Жан досыңмен сыр аша.
Тыныштық бермей отырса
Қос сұлу қалған оңаша.

Толық

Сексен дүре

  • 0
  • 0

Елге, не ер — қажет пе жауыр төзім?
Сыйлай ма ол кісіге тәуір сезім.
Жауы түгіл шешендер бауырының
Көтермейді бір ауыз ауыр сөзін.

Толық

Қарап көріңіз