Өлең, жыр, ақындар

Жанарыңды сатпашы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 306
Танытады көп кісіні талтаңы,
Қастарында жандайшабы, жалтаңы.
Бәрі де бар, не іздейді ел кезіп,
Бай адамдар, бар адамдар — қалталы?
Мүләйім көз — қалталының арманы,
Тұрса дейді тек дәметіп жан-жағы.
Алдай алса, арбай алса бір рет
Енді назар салмас саған ол дағы.
Өшпендідей, от көз кірпік қақпасын,
Неге қақсын өз иесін тапқасын!
Бәрі құрбан, жалғыз тілек, қарындас,
Жарқыраған жанарыңды сатпашы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Артың анық, алдың елес

  • 0
  • 0

Артың анық, алдың елес әрқашан,
Өткен тұман, ертең үміт нұр шашар.
Болашағың ой-қиялдан өрілсе,
Артта қалған өзің басқан із жатар.

Толық

Кешірім

  • 0
  • 0

Ғашық болған Еңлікті Кебекті –
Қоғам заңы қорғамаған себепті –
Заманының кешірімсіз бір биі,
Құйрығына аттың байлап ез етті.

Толық

Қорқам ба текке

  • 0
  • 0

Қате айтсам сына,
Мойында күнә.
Көбейіп кетті
Бұл күнде міне —

Толық

Қарап көріңіз