Өлең, жыр, ақындар

Бас ұрады адамдар оңашаға

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 226
Қымбатыңды жыл ұрлап өмір атты,
Тазартады тақырлап тәңіректі.
Тағдыр кейде марқайтып, дараласа,
Кейде сандар ішінде нөлі етті.
Құмар етер достыққа өмір баста,
Бозбала шақ, шіркін-ай, көңіл басқа.
Ата-анаңнан көрінер бөтен жақын,
Кісіліктің, арман жоқ, шөлін басса.
Бір дәуір бар бітеді көпшіл желік,
Ал сонан соң кетерсің епшіл болып.
Бәрінің де өзіндік ізі қалар,
Орнықпағай тек бойға кекшіл қылық.
Бір күндері ержетер бала-шаға,
Сағынарсың Наурызды Қарашада.
Болашақ деп ой-сана ғалам кезсе,
Бас ұрады адамдар оңашаға.

Ақтау. 12.01.2002 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа жылда

  • 0
  • 0

Кетті бір жыл төгіп жерге ұл-қызын.
Жетті бір жыл — болашағың, жалғыз үн.
Кетті бір жыл көміп жерге үмітті,
Жетті бір жыл жағып арман жұлдызын.

Толық

Табалдырық

  • 0
  • 0

Керегенiң бастарын, уықтардың,
Шеңбер қылып, әдемi тұйықтадың.
Табалдырық, маңдайша бiрiктiрiп,
Үй қылады, бiр жерге жиып бәрiн.

Толық

Арман

  • 0
  • 0

Күй тартсам ғой ағыл-тегіл төгіліп,
Тыңдаған жан тұрса жаны езіліп.
Болса ішінде құралай көз бір сұлу,
Шықпай тұрған тек жаны бар үзіліп.

Толық

Қарап көріңіз