Өлең, жыр, ақындар

Бір ән қалса

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 205
Жас шақта сескенбейсің дар ағаштан
Асаусың бұғалығын ала қашқан.
Көкірек әлі сазды, күйге толы,
Бір сарын орнап қалған бала жастан.
Емі ғой қам көңілдің бұл ән деген,
Қабағым ашылады жыр, әнменен.
Жазылса шіркін бір жыр, ел айтарлық,
Шарықтап кетер еді-ау, қыран денең.
Уақыт мен қайтейін сөгіп сені,
Тәңірім қуармасты егіп пе еді.
Жігіттер жастық шақты бағалай біл,
Тасыған сүттей таусар, төгіп сені.
Сұлудың сұрқы кетер наз кеткенде,
Айдында ажар қалмас қаз кеткенде.
Дариға-ай еш арманым болмас еді,
Бір көпір салып кетсем сазды өткелге.
Сері бар сұлу сүйіп, жар таңдайтын,
Жігіт бар мансап тауып, талтаңдайтын.
Дариға-ай еш арманым болмас еді,
Артымда бір он қалса қартаймайтын.

Астана. 30.05.2002.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілек-бата

  • 0
  • 0

Міне әділдік — қақ жарған қара қылды,
Ел таныды қамқорын саналы ұлды.
Есе кетіп жүргенде енді міне,
Даламызға баламыз пана болды.

Толық

Елуге толған ұстазға

  • 0
  • 0

Төрт жирма бес өмір сүрген адам бар,
Әр қайсысы – ғажап алып қадамдар.
Бір жирма бес өмір сүрген адам бар,
Тындырғанын зерттер талай замандар.

Толық

Асау

  • 0
  • 0

Тымағыңды басыңқырап киіп ап,
"Шыбын жанды шүберекке түйіп ап" —
Қарғып мінсең арындаған асауға,
Жігіт аты кетті-ау саған сыйып-ақ!

Толық

Қарап көріңіз