Өлең, жыр, ақындар

Тынышыңды алам мен Сенiң

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 737
Тынышыңды алам мен Сенiң,
Сенiң де,
Сенiң,
Сенiң де –
шығармай жырдың ел-селiн,
тарқамас менiң шерiм де!
Кетуiм үшiн ұққызып,
ақтарып, төгiп барымды, –
тынышыңды алам мен сенiң,
байлаулы жатқан бүк түсiп
үргiзiп телефоныңды.
Өлеңдi сенен iздедiм! –
сөйлей де сөйлей далаға
қаңсып бiр қалған қызыл тiл
жапырақ құсап күздегi
таңдайды жатса сабалап.
Деме сен маған кеш жүрсiң!–
өлеңмен ертiп ақпанды,
тынышыңды алсам мезгiлсiз,
құлаштап ұрып қақпаңды.
Тынышыңды алам, Тау, Дала,
Теңiздер,
Желдер,
Ормандар!
Жатпастан санап саудалап
не берсең, ала беретiн
үмiттей терең дорбам бар!
Миллион рет күнiне
қайғыға,
мұңға түсiрген
танышыңды алам, дүние,
бiр ғана өлең үшiн мен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дағдарыс

  • 0
  • 0

Мен қазiр –
Қабарып батып отырмын! –
Мұң мен қапаға.
Ақылым – айран,

Толық

Түн, қысқы бақ ішінде

  • 0
  • 0

Келiп едiм күн нұры батқан шақта,
Манаурап маужыраған бақтар жаққа,
Кеңiстiкте iлiнiп қалатындай
Жауып жатыр аспаннан аппақ мақта.

Толық

Әрі-сәрі шақ

  • 0
  • 0

Ысып,
қайта тоңдық бiз.
Қоя бердiк,
тап берiп.

Толық

Қарап көріңіз