Өлең, жыр, ақындар

Сағаттар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 743
Қойсам да мейлi бөлшектеп,
минуттар менен секундқа,
бiр күнгi жүрер жолымды, –
қол сағат менi сол сәтте
бауымен қысып қолымды
ап кетер:
ендi жетед деп,
театр, кино, парк пен
тойларға қарай жетектеп.
Қоймастан менi онымен
шақырар бiрi тағы да,
мұнараларға шығып ап, –
минуттың ұзын қолымен
әр сағат сайын бiр бұлғап.
Ормандай ойлы теңселген
өлеңiм жатса аптыққан, –
үйiмнен,
жиын, кеңседен
қуады бiрi тақ-тұқтап.
Әр секундты қағып бiр,
кете алмайтындай әрi аттап,
маятниктер де теңселер
шалдыққан шаршап Уақыттың
тiлдерi құсап салақтап.
Күлдiрiп ойға батырып,
шарлатып маған бар жақты,
жетектеп, қуып, шақырып,
сағаттар менi шаршатты.
Ал егер кейде жалығып,
жып-жылы жұмсақ төсекте
аялап бақсам жанымды,
соғардай бәрi жабылып
ақырғы сағаттарымды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгi трасса

  • 0
  • 0

Түнгi трасса.
Күзгi жел ұлиды қасқырдай.
Сақ болшы, кезекшi ГАИ мен
көрсеткiш бағандар,

Толық

Әй, опасыз уақыт-ай!

  • 0
  • 0

Күні кеше ғана —
Басына таңертең
Өрмелеп кеткен адам
Кешке бір-ақ түсетін —

Толық

Бүгінгі ертегі

  • 0
  • 0

Айдалада
Жалғыз қап –
Жабығып тұр едiм.
Өрт шалған ағаштай

Толық

Қарап көріңіз