Өлең, жыр, ақындар

Қан тамырларым

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 404
Қан тамырларым — ширатқан кендiр жiптердей
бунайды келiп, шырмайды буып денемдi,
түсердей кесiп мың бөлiп
қаттырақ кысса сәл ендi.
Көзiмнiң алды түк көрмей
арадай гүлге шаншылған,
қаламды сығып, қағазға төнем
жүректен
сығымдап тартып өлеңдi.
Қан тамырларым — ширатқан кендiр жiптердей,
шiренiп тартып, шырмайды буып
денемдi.
Мың қамшыдай жосылтса келiп
ысқырып
суырылып шығар
кескектi бiр жыр ышқынып.
Қан тамырларым, қинаңдар менi,
азапта,
қинаңдар менi,
босатпа!
Жатқан соң босқа жайғасып
жүректiң бұлшық еттерiн
қалатын шығар май басып.
Ширатшы менi тау өзендерiндей,
жұдырықтай жиырылып жатқан
Махамбет өлеңдерiндей,
ширатшы менi
ток жүрiп жатқан сымдардай,
болмайды екен
семсердей қайта шыңдалмай.
Сөйлеймiн сонда тау өзендерiндей бұрқырап,
қалмаспын сонда пайдасын ойлап бас қамның.
Қан тамырларым,
түйiлген бұлттай өлеңнiң
бұлшық еттерiн тiлгiле, сiлкi, жұлқыла
найзағайларындай аспанның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құс жолы

  • 0
  • 0

Туған жердi аңсап жүрек тiлiнер.
Жата алмаспын ондай кезде түнiмен –
сол бiр сәтте жұлдыздары шаңытқан
Құс жолына түсiп алып жүгiрем.

Толық

Алатау батырдың қабірі басында

  • 0
  • 0

Бұл жерге
Тізеңді бүгіп,
Бас ұрып келсең де
Тасынып келме!

Толық

Өтініш

  • 0
  • 0

Қозғама менi, қарағым!
Менi қозғасаң
Мұз сөгiлiп
Сең қозғалады.

Толық

Қарап көріңіз