Өлең, жыр, ақындар

Асылбек + Айбаршын = махаббат

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 459
Мықты болсаң, дауылдар,
кет өшiрiп.
Мықты болсаң, жауындар,
кет өшiрiп.
Қайырымсыз, қатыгез қара тасқа
сiңiп кеткен қайланың соққысынан
махаббат пен қазақтың екi есiмi.
Кiмсiң сендер –
метрлiк әрiптермен
аттарыңды қайламен әдiптеген...
Тасқа басқан таңбасын махаббаттың
ежелеп бiр оқимын «Әлiппедей».
Кiмсiң сендер –
жаза алған жан арманын.
Аттарың тұр...
сендердi таба алмадым.
Жұмбақ қазiр мен үшiн тағдырларың
бүгiнгiнiң Қозысы, Баяндары.
Түкпiрiнде жүректiң үн жата ма, –
жарар ма екен мен жазған жыр батаға?!
Ей, Уақыт, қабылда,
қабылдап ал –
келдi саған екi жас, бiр махаббат.
Күлкiге де, мұңға да тарынбаған
ей, Уақыт, қабылда,
қабылдап ал.
Ете көршi, құдайым,
тек солардың
жүрегiн де, жанын да, арын да адал.
Сенем, сенем, сенемiн қуатыңа
жiбересiң құм етiп, уатып-ақ.
Қаhарыңды төкпешi екi жасқа
Уақыт-ай, уақыт, уақыт-ай!
Ғашық болса кiм жылап, кезбес кiмдер,
ғашық болса өмiрден безбес кiмдер.
Өтiнемiн, Уақыт, бүгiн ендi
Айбаршыңды жылатпа,
Асылбекке
Бекежан мен Қодарды кездестiрме!
Жетер ендi,
жетедi, жетер ендi –
Еңлiк пенен Кебектiң жаназасын
қалың қазақ қайысып көтергенi.
Ерте салып мезгiлсiз әжiм бетке,
қолын жайып, көл қылып жасын төккен
мақсатына жетпеген махаббат көп,
жетсiн ендi Айбаршын, Асылбектер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіліме тиіскен тексізге

  • 0
  • 0

Өз тiлiңдi өзiң
Бiлмегенiң үшiн
Жерге
Кiрiп кетудiң орнына,

Толық

Бас туралы жыр

  • 0
  • 0

Аспан астындағы
Бүкiл мына тiршiлiктiң
Бұл ендi
Барып тұрған соры болды:

Толық

Түңілгенде

  • 0
  • 0

Жер шарын
Құшақтай алатын
Алып құшағым
Тарының қауызындай боп

Толық

Қарап көріңіз