Өлең, жыр, ақындар

Бүгінге

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 384
Күттiм сенi қиялымен елестiң
жасар iсiм болсадағы көмескi.
Күттiм сенi!
Неге күттiм? –
сен тiптi
не өзiмнiң,
не жарымның, ұлымның
туған күнi емессiң.
Сен арқылы басталса да iлгергi үн
бiрiсiң сен қарапайым күндердiң.
Мейрам да емес,
не досымның тойы емес
бiрiсiң сен қарапайым күндердiң.
Саған жетем деп жүргенде асығып,
заттарым да қалды үстелде шашылып.
Өтектеуге қол тимедi шалбарды,
саған жетем деп жүргенде асығып.
Тайғанақтап,
не бүгiлiп,
тартынбай,
немесе бiр жағадан ап, алқымдап
жатпастан-ақ
сол белгiлi уақытта
кiрдiм, мiне, сол жұпыны қалпымда.
Атқаратын,
айта алатын шағымда,
ағытылып жарылайын ағымнан,
тек қана сен
бетпе-бет бiр менi ендi
ашық аспан,
күн астында қабылда!
Әйтеуiр мен жылдар бойы жол жүрiп,
жетемiн деп,
жетемiн деп болдырып,
күтiп едiм бiр керемет күндi мен,
мүмкiн әлде, сен боларсың сол күнiм.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орақ пен балға туралы жыр

  • 0
  • 0

Кешегі ұранымыз —
Өткеніңе қаратпайтын! –
“Алға!” “Алға!” болды.
Елдік таңбамыз

Толық

Халық қаһары

  • 0
  • 0

Қабат-қабат – үстiңе! –
Шойын киiп алсаң да,
Сол шойыннан
Қолыңа

Толық

Қиын шақ

  • 0
  • 0

Дүниенi
Түстеп-танып
Ұға алмай жатырмыз
Кеңес Одағының

Толық

Қарап көріңіз