Өлең, жыр, ақындар

Сымдар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 274
Бойыңа сырлар бүккенсiң
өзiңде ерен ағын бар.
Иiрiлген болат жiптерсiң
зауыттың ұршықтарында.
Байланып темiр бағанға
созылар сенiң құлашың.
Көшелер менен даламда
шуылдап, сыңсып тұрасың.
Түк емес алыс аралық
жарықты жағып бересiң,
резiңкелерге оранып
үйлерге кiрiп келесiң.
Сендердi тыңдап келемiн,
өртең бар қазiр ойымда.
Оттарым, әнiм, өлеңiм
ағады сенiң бойыңда.
Жалғайсың елдi бiр елмен
жетектеп алып қызық сыр.
Кеңiстiктерде шiренген
құпия, жұмбақ сызықсың!
Сендегi ағыс телегей
тереңсiң түпсiз сырларға.
...Осының бәрiн елемей
қонады қараторғайлар
ток жүрiп жатқан сымдарға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өткеннен жеткен аңыз

  • 0
  • 0

Жоқ кез екен бекiнiс те, қамал да, –
Сонау-сонау өткен, алыс заманда.
бiр тайпа жұрт өмiр сүрiп жатыпты
орман-нулы, көл-құрақты даламда.

Толық

Айт, емiн!

  • 0
  • 0

Жан-жүрегiмдi күйдiрiп,
Намысыма тисе –
Бiлемiн! –
Өлiспей берiспеймiн.

Толық

Аялдамадағы алма ағашы

  • 0
  • 0

Көшiп келген ауладағы бағымнан,
қолын бұлғап автобусқа ағылған,
адамдарды шығарып сап, күтiп ап
тұрады ол аялдама жанында.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар