Өлең, жыр, ақындар

Түнгі тыныштық және махаббат

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 400
Қынға түскен дiрiлiндей қылыштың,
шiреп тартып сыңар iшек дыбысты
сай-саладан, аңғарлардан, өзектен
көлеңке боп көтерiлдi Тыныштық.
Қандай тылсым, нендей жұмбақ тымық шақ.
Сұрап жатпай ешкiмнен де рұқсат
келiп кiрдi ол елдi мекен аймаққа, —
мекемеге, дүкендерге құлып сап.
Жас бозбала, жап-жас қызбен танысқан.
тұр тыныштық жұлдыз болып ғарышта.
Гүл исiндей түнге сiңiп ақыры
бiрте-бiрте үндер кеттi алыстап.
Он шығады ол, әр бiр үйге он кiрiп,
тыныстайды дегенiне көндiрiп,—
есiктерге күршек сап,
шам бiткендi сөндiрiп.
Тек сонау бiр шеткi үйде
бiр бойжеткен түседi үнсiз от күйге:
қара көзден жас шығады ыршып бiр
күзгi ормандай көңiлi оның сыңсып тұр.
Тек сонау бiр шеткi үйде
бiр жас жiгiт түседi үнсiз от күйге:
махаббаттың дауылына тұншығып
күзгi ормандай ыңырсиды күрсiнiп.
О, тыныштық!
О, махаббат!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір машина бұлт

  • 0
  • 0

Түсімде кілең
Аталас досым
(Сүйілшіш бабадан тараймыз),
Парталас досым

Толық

Металл жыры

  • 0
  • 0

Мен металмын,
металмын.
қолданба менi
бет алды.

Толық

Ұсақ адам

  • 0
  • 0

Сен
Ұсақсың, майдасың, күйкiсiң.
Әлдекiмдердiң –
Балағында жүрген! –

Толық

Қарап көріңіз