Өлең, жыр, ақындар

Қисық ағаштар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 503
Қисық өскен ағаштар...
Неге оларды жатыр бәрi аластап,
Дендерi сау,
ауруы жоқ құрт түскен
неге оларды жатыр бәрi аластап...
Қисық өскен ағаштар...
Қуып шығып көше, аула, ортадан,
қызыл етiн жұлады кеп жаңқалап, –
екi езуi көбiктенiп араның,
қарш-қарш шайнап балтырынан балталар!
Шыдай алар бұған ендi жан қайтiп.
Әншейiнде бiр сәт тыным алмайтын
қайда кеткен кiнәлайтын айып сап
мекемелер «Табиғатты қорғайтын»?!
Шырылдаған –
мұңлы әнменен үздiккен,
ұя салдық,
сенен бiздер ұштық деп
топ-топ болып төгiледi аспаннан
төбесiнде шырқ айналып құс бiткен.
Ағып келген асығыс жел судырап
құшақтап ап ағаштарды тұр жылап:
сендерменен болатын ем күштiрек,
сендерменен болатын ем шулырақ, –
дәл осылай асығыс жел тұр жылап.
Күзгi жаңбыр жауды қалғып, сылбырап,
ойлы ақындай ауыр мұңлы жыр құрап.
Жатыр үнсiз қисық өскен ағаштар
көшелерде,
аулаларда тұнжырап.
Айта алмастан ауыр азап шеккенiн,
қисық-қыңыр саусақтары кеттi өлiп, –
қағып-қағып сәл босаңдау тартылған.
жаңбырлардың суық, мұңлы шектерiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кісәпірдің сөзі

  • 0
  • 0

Құлқыны —
Қырық құлаш шыңырау,
Араны —
Алпыс кез апан

Толық

Алыс пен жақындық туралы жыр

  • 0
  • 0

Сол жағымда қара нөсер құйып тұр,
ал оң жағым аптап шөлге күйiп тұр...
Алыс жер жоқ, алыс жер жоқ дәл қазiр
бәрi маған – қол созым жер – тиiп тұр.

Толық

Тымық кеш

  • 0
  • 0

Тып-тынық кеш.
Ұйып тұр заңғар аспан
бәсең тартып дауыс та ән толастар.
Алып шамдар секiлдi бозарады,

Толық

Қарап көріңіз