Өлең, жыр, ақындар

Менің пәтерім

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 236
Көрiктi ғажап жерде емес
менiң пәтерiм.
Тар да емес, кең де емес,
менiң пәтерiм.
Жел келсе — билер сәндiкпен
қанаты қанша талса да,
тұрады оны тал бiткен,
жан-жақтан қорғап қоршап ап,
Тартысқан миллион, мың жылдап
Көремiн десең кiр ендi,
терезе — теледидардан
мазасыз мына әлемдi.
Қаққандай бейне дабылды,
басына жатқан көтерiп.
даусымен балаларымның,
Шулайды менiң пәтерiм!
Кей кезде толқып үздiккен
әуендi iздеп шақырам:
жырлайды онда құс бiткен
толқиды онда Атырау.
Құлақ сап әлем үнiне
дайын боп бiлек түремiн, —
беймаза мына дүние
есiгiн қағып тұр оның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шықпастан қалған үндердi

  • 0
  • 0

Шықпастан қалған үндердi
жүректi мәңгi мекендеп,
аспанға құлақ түргем-дi
аққулар айтар ма екен деп?!

Толық

Аққу деген бiздер үшiн киелi

  • 0
  • 0

Аққу деген бiздер үшiн киелi,
аққуды атсаң сол оқ маған тиедi.
Аққуға сен жаға көрме күйенi,
аққу деген бiздер үшiн киелi.

Толық

Ешкім естімеді

  • 0
  • 0

Мен өлiп жатқалы
Қаншама заман өттi, –
Тоқсан тоғыз құйын,
Тоқсан тоғыз амал өттi.

Толық

Қарап көріңіз