Өлең, жыр, ақындар

Жыр жазар алдындағы сәт

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 261
Отырмын үнсiз жалғыз қап,
тарылып бiттi-ау тыныс та.
Жоғалып кеткен аңдыздап
ойымды бөлер дыбыс та.
Отырмын үнсiз абдырап,
зiл тартып бойым қалды ұйып,
тұншығып денем салбырап
жатқандай бiреу қан құйып.
Ұстап бiр жалғыз тiлектi
үмiттi тұрмын мекендеп, –
ырғағын тыңдап жүректiң
жаңылысып кетпес пе екен деп.
Қалғандай құрып амалым
үнсiз бiр ұзақ алқынып,
сiмiрем құмбыл ауаны
жатқандай бейне кеудемдi
ақырғы рет толтырып.
Арқама салмақ түстi де
отырмын ауыр тыныстап,
кiм болсын мейлi үстiме
кiруге жоқтай рұқсат.
Жинай бiр алмай сезiмдi
ойларға батам қайырлап, –
отырғандаймын өзiмдi
қауiптi, аса қатерлi
опрерацияға дайындап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамдар

  • 0
  • 0

Күнiн көрiп амалдап,
тiршiлiктен қалыс қап,
бара жатыр адамдар
бiр-бiрiнен алыстап.

Толық

Кездік

  • 0
  • 0

Сырласқандай тұңғиықпен, тереңмен
Бар айнала тыныштыққа бөленген.
Сол бiр сәтте күркiретiп аспанды
Реактивтi ұшақ өттi төбемнен.

Толық

Мұң

  • 0
  • 0

Дүние жалғанның
Қаны қарайды.
(Қысылғаным-ай).
Күмән мен күдiктiң

Толық

Қарап көріңіз