Өлең, жыр, ақындар

Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 403
Алабұртқан алтын шапақ нұр төккен,
шығып алып космосқа – туу көкке
түсiредi космонавтар дамылсыз
алып Жердi,
ұлы Жердi суретке.
Төңкерiлiп бұлттардың ауғанын,
нөсер болып жаңбырлардың жауғанын,
түсiредi аспаннан
теңiздерiн, мұхиттарын, тауларын.
Десек-тағы өзiңдi ойға бөктерiп:
ғаламат қой әр күнiмнiң беттерi.
Көрген кезде ойланасың жерiмнiң
тұманменен тұнжыраған сәттерiн.
Сан қырынан, сан бояумен көрiнген,
түсiрiлер бәрi-бәрi көгiмнен:
ұлы Жерiм былғап апты етегiн
мұнайларға танкерлерден төгiлген.
Жапан далам – суретi бар беттерде –
сан бояулы ғажайып бiр дәптердей...
Суреттерге түсер жерiм киiнiп
Қыс пен Күзге, Жазға және Көктемге.
Көкiрекке
ормандардың мекенi
болады ғой кеткендей-ақ от енiп,
түсiп жатса Жерiм менiң суретке
ұлы-ұлы қалаларын көтерiп.
Ашық күнi ашып тастап айбарын,
бұлт басса – ауыр тартып ойланып,
түсiп жатыр Жерiм менiң суретке
түпсiз терең кеңiстiкте айналып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Желді күнгі орман

  • 0
  • 0

Орман iшi – гуiлдеген! –
Сарынға толып кеттi.
Уiлдеген!
Ағынға толып кеттi.

Толық

Жаны жомарт жан

  • 0
  • 0

Әттең қолыңда жоқ!
Әйтпесе,
Басыңа жақсылық
Үйiп-төгер едi.

Толық

Мағжан-жыр

  • 0
  • 0

Қасiреттi,
қайғы-мұңлы Мағжан-жыр,
Жер мен жердi,
тау мен тауды жалғап жүр, –

Толық

Қарап көріңіз