Өлең, жыр, ақындар

Жаны жомарт жан

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 396
Әттең қолыңда жоқ!
Әйтпесе,
Басыңа жақсылық
Үйiп-төгер едi.
Алдыңа бәрiн қойып,
Бал менен шырынын
Құйып берер едi.
Қай кезде де –
Қасыңнан! –
Табылғысы келедi.
Сенiң дертiңдi –
Өзiне алып –
Ауырғысы келедi.
Көз жасыңды сүртетiн
Орамалың секiлдi.
Қайғыңды көтеретiн
Қара нарың секiлдi.
Бiрдеңе тындырсаң
Сенi мақтап – ғұмыры! –
Тамсанып кетуге бар.
Бiрдеңе бүлдiрсең
Сенi ақтап – ғұмыры! –
Жар салып өтуге бар.
Жанының жайсаңын-ай!
Жанының аңсарын-ай!
Әттең қолыңда жоқ.
Әйтпесе,
Үлде мен бүлдеге
Малындырып қояр едi.
Күннiң нұрына
Шомылдырып қояр едi.
Төбеңдi көкке
Тигiзiп қояр едi.
Басыңа – ақ бұлттан! –
Бөрiк жасап,
Оқшырайтып
Кигiзiп қояр едi.
БӘЛЕ-ЖАЛА
Ұйтқыған сөздерден
Қазақстанымның өзегi
Күйiп жатады.
Әлдекiмдер жиылып
Басына бәле-жаланы –
Дүние жүзiнен жиып ап –
Үйiп жатады.
Сөздердiң
Жаңбырдай жауған тастары
Маңдайыма тиiп
Теңселiп кетемiн.
Белiне
Құрт түскен түйедей
Жер шөгiп кетемiн.
Сөздердiң топырағымен
Менi тiрiдей көмедi.
Атылып тұрып кетсем
Үстiме бұрқыратып
Күлiн төгедi.
Бiлместен –
Дал боламын! –
Мұның немен тынарын.
Есiмдi жия алмай –
Есеңгiреп! –
Сүзектен тұрғандай
Әрең тұрамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрғақшылық

  • 0
  • 0

Мына дүниеТемірхан Медетбек
Лапылдаған
Отқа түскендей.
Ыстықтығы сондай –

Толық

Бір ақынға

  • 0
  • 0

Неткен оның тап-тар едi ұғымы.
Жоқ сөзiнiң сөлi менен шырыны.
Селтең-селтең,
селтең-селтең етумен

Толық

Қарауыл төбе басындағы ой

  • 0
  • 0

Ақ шаң болып жота, қырым, белеңiм,
дауыл соғып,
лайланып тереңiм,
қауiп-қатер төнген кезде далама

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар