Өлең, жыр, ақындар

Құрғақшылық

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 496
Мына дүние
Лапылдаған
Отқа түскендей.
Ыстықтығы сондай –
Отын-ошақсыз-ақ
Ботқа піскендей.
Аптап ыстықтан
Шөгіп қалған таулардың –
Қарашы! –
Жылан жалағандай
Күлгін етегі.
Бұрқан-талқан боп
Тасып ағатын өзендер
Жіптей жіңішкеріп –
Үзіліп кетердей! –
Дір-дір етеді.
Жапырақтардың
Көнерген жамау секілді
Жалбырауын-ай.
Ағаш біткеннің
Жадап-жүдеген
Бейшаралар секілді
Сүмірейіп салбырауын-ай.
Құрғақшылық та
Елдің еңсесін езер
Күйік бір.
Биік-биік үйлердің
Бетон қабырғалары
Токка қосылғандай
Күйіп тұр.
Бұл өмірдің
Қаны тартылып
Кеткендей кетеуі.
Сөйлейін десем –
Сөздерім! –
Кеуіп қалған
Жапырақтар секілді
Судыр-судыр етеді.
Құрғақшылық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арманды өкініш жыры

  • 0
  • 0

Жаңа сойылған еттей боп
Қып-қызыл күннiң
Батқанын көргенде;
Көктегi жұлдыздардың

Толық

Жел

  • 0
  • 0

Мың-миллион ине қылып құм-қарын
дүлей бiр жел соқты дейсiң жынданып.
дала кезген бағаналарды құлатып,
үзiп жатыр телеграфтың сымдарын.

Толық

Кесілген ағаштар

  • 0
  • 0

Күн суық, заман суық, суық, суық.
Суықтық жатыр жұртты қуып шығып.
Боран мен борасындар бұрқырайды
тiрлiктi жiберердей бүлiк қылып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар