Өлең, жыр, ақындар

Толқындар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 181
Толқындар
жағаны қабады.
Биiктен шүйiлген
дәп қазiр қырғимын, –
өкпеге толтырып ауаны
теңiзге сүңгимiн.
Сүңгимiн
барлық тереңге –
теңiздiң астындай
құпия әлемге.
Бар деймiн
теңiздей тереңдiк
ақылды бастарда,
бар деймiн
теңiздей тереңдiк
нақақ көз жастарда.
Сүңгимiн
дала мен қалаға,
сүңгимiн
ойлар мен санаға,
күндер мен түндерге,
бұрқақ үндерге,
жұмбақ гүлдерге.
Қалайша жатам мен
тартынып қымсынып.
Бiлем мен
әлi де қаншама
ойларға батам мен
мұңдарға тұншығып.
Сүңгимiн тұла бой денеммен
бостан бос тұруға
жоқ шыдам.
Құпия тереңнен
жаңа ой мен жаңа жыр
ап шығам.
Ширығар денем де
қызулық от берсе.
Сүңгимiн
құпия тереңге,
құпия әлемге
демiм жеткенше.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қатыгез

  • 0
  • 0

Қарап тұр әлемге –
Көзi қанталап,
Адам бiткендi –
Бұтын бұт,

Толық

Болатын оқиға

  • 0
  • 0

Осы бір зұлым
Жасарын жасады,
Асарын асады...
Ғұмырында

Толық

Күн сайын мен өлемiн

  • 0
  • 0

Күн сайын мен өлемiн!
Ел-жұрт оны бiле ме?!
Дей көрме сен дер едiм:
Өлген – өмiр сүре ме?

Толық

Қарап көріңіз