Өлең, жыр, ақындар

Айырылып қаншама рет төзiмнен

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 270
Айырылып қаншама рет төзiмнен,
қанша жүктi жүрегiммен сезiнгем.
Осынау бiр тағдыр менен тiрлiктiң
таразысы секiлдiмiн қазiр мен.
Таразысы секiлдiмiн
өмiрдiң
мұңдарын да өлшейтiн,
сырларын да өлшейтiн,
жырларын да өлшейтiн,
жылдарын да өлшейтiн,
өлшейтұғын әрбiр дыбыс,
әр үндi,
өлшейтұғын әрбiр сағат,
әр күндi.
Сондықтан да өзiме өзiм:
мықты едiң,
төз, төз деймiн,
төзе алмасаң бiткенiң,
сонан кейiн отырамын саралап
өлшеп тартып мақсатымның жүктерiн...
Бәрi-бәрi ой-санамда өлшенер,
бiреу арын сатып, жалдап жүрсе егер,
бiреу қарыз болса егер де белшеден,
ал бiреу кеп оны жерге көмсе де –
соның бәрi ой-санамда өлшенер.
Өлшенедi жырлары да, әнi де,
кеңiстiгi,
тереңдiгi,
өрi де.
Әйтеуiр мен дәл осы сәт, дәл қазiр
таразымын бәрiне де, бәрiне.
Ойлап адам үмiтi мен арманын
өзiмдi мен шетке қоя алмадым.
Таразыдай қайыстырып тұр менi
бүкiл тағдыр, тiрлiктiң
бар ауырлық, салмағы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Былғап алсақ бiз егер де ұятты –

  • 0
  • 0

Былғап алсақ бiз егер де ұятты –
жылуынан айырылады шуағың,
қызуынан айырылады жыр-әнiң,
мұратынан айырылады сұрағың,

Толық

Жұмсақ та шығар-ау

  • 0
  • 0

Жұмсақ та шығар-ау
тас бұдан! –
дегендей: ұшырам,
жоқ қылам –

Толық

Саған

  • 0
  • 0

Күптей ісіндің,
Кемеріңе сыймай
Тасындың.
Иманнан безіп,

Толық

Қарап көріңіз