Өлең, жыр, ақындар

Жарылмаған бомбалар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 339
Газеттерге шығады ғой хабарлар:
соғыс сұмның сарқыты боп қап қойған
шағын, яки үлкен ұлы қаламнан,
жаңа құрылыс алаңнан,
немесе бiр қазаншұңқыр,
каналдан,
бұғып жатқан жер астына тығылып
жарылмаған,
жанбаған
табылды деп бомбалар!
Кiм сақтасын бомбаларды мұра қып,
жарады ғой оларды
айдалаға шығарып.
Бiлем, бiлем –
шаттыққа жыр арнаған
жүрсек те бiз тыныштықпен тыныстап,
бұғып жатқан
бүлiк, ылаң салмаған
жетедi әлi жарылмаған бомбалар!
Күнiм туса өрт болам деп асқынған,
айналам деп отты құйын тасқынға,
жатыр олар қара жердiң астында,
жатыр олар қара жүрек астында!
Сусыны әлi қанбаған
қызыл қан мен
жоқтауларға зарлаған,
бұғып жатқан қара жүрек астында
арамдық пен зұлымдық –
жарылмаған бомбалар!
Қара жердi қуырып,
бiр уыс қып аспанды,
жоқ ететiн кеңдiк пенен асқарды
жарылмаған бомбалар –
бұғып жатқан
жауыздық пен қастандық.
Жүре бермей
шаттық нұрға баттық деп,
қарау керек сақтықпен:
бiзбен жалған тiлдесiп,
бiзбен жалған үндесiп
Жарылмаған Бомбалар
арамызда жүрмесiн!
Туын ұстап жүрсем де мен бақыттың
тұрам кейде атып бiр!
Жарылмаған Бомбалар
бiтеу жара секiлдi
қара жер мен
жүрегiме батып тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұрапыл жел

  • 0
  • 0

Менiң жанымның
Ойран-ботқасын шығарып –
Сұрапыл! –
Жел соқты.

Толық

О, Махамбет, пірім-ай!

  • 0
  • 0

О, Махамбет, батырым,
әулием,
пiрiм,
ақыным, –

Толық

Қиянат соғыс

  • 0
  • 0

Тағы да жер үстiн
Зұлмат басты.
Әлемдi
Шешуi де жоқ,

Толық

Қарап көріңіз