Өлең, жыр, ақындар

Бөренелер

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 541
Орман iшi.
Шағын осы алаңды
ұнатамын қайта-қайта қарауды, –
бөренелер жатыр сұлап созылып
текше-текше маталардай ораулы.
Орман өзi жан-жағынан қамаған
жатыр сұлап –
құлап түскен арадан.
Табандағы сақинаға қарашы
қаншама көп жылдарды ол ораған.
Ораған ол құстың ғажап жыр, әнiн,
күн қызуын,
теңiздiң боз тұманын.
Ораған ол тамырымен сорып ап,
денесiне жердiң күшiн,
құнарын.
Неткен биiк,
неткен ғажап iрiлiк,
ораған ол жаңбырды да сiмiрiп.
Ауа иiсiн,
ай жарығын ораған
өн бойына сiңiрiп.
Тұрған едi бiр кездерде асқақтап
жатыр ендi жамбасына тас батқан.
Ораулы тұр бойында оның
болашақ
музыкалық аспаптар.
Қара оны,
қарашы сен жалықпа,
бар ғой онда от жалын да, жарық та.
Сұлап жатқан оның ұзын бойында
ораулы тұр қап-қара ауыр табыт та.
Жақында сен.
Жақында да көр ендi,
көрiп ал да өз бағаңды бер ендi.
Өлең де бар!
Сенбейсiң бе?
Мен соның
орауынан алдым осы өлеңдi.
Жаңалық бар онда ешкiм ашпаған,
саздар да бар ендi ғана басталар...
Соның бәрiн ғажап ұлы табиғат
бөренеге орап тығып тастаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеше мен бүгін

  • 0
  • 0

Менiң кеше –
Аяғыма! –
Қара тас байлап қойды.
Алшаңдап

Толық

Бодан заманы

  • 0
  • 0

Иен далада
Ұшқан құстай
Азат едiм.
Көлге шомылып,

Толық

Байқа

  • 0
  • 0

Тау-тау толқындарды
Қос қолыңмен тіреп
Тоқтата аласың ба?—
Лақтырып жібереді.

Толық

Қарап көріңіз