Өлең, жыр, ақындар

Жер астындағы өзендер

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 309
Шөлдер қанша
ернi кеуiп кезерген,
Жерлер қанша
сұп-сұр болып безерген...
Жыр сияқты кернеп аққан жүректi
жер астында ағып жатыр өзендер!
Тебiрентiп өн бойыңды аралап,
кететұғын ойлар құйып санаға,
ағып жатыр
Қан тамырлар секiлдi
Жердiң алып жүрегiнен тараған.
Ағады олар бiр-бiрiне жолды ашып,
бiр-бiрiмен тарамдасып,
жалғасып,
Болмаса да аттары
бар олардың
бастау,
сала,
арнасы!
Ғұмыр бойы желпiнбеген желдерге,
болмайды онда ақ кiреуке сеңдер де.
Олар-дағы Едiл менен Ертiстей
құяр барып теңiздер мен көлдерге.
Жүректiң бiр түкпiрiне тасталған
ағады олар жазылмаған дастандай.
Iздейдi оны бұрғы салып адамдар
азат болып атылсын деп аспанға.
Көзi ашылса – күн нұрына аң-таң қап,
тамшыларын шашу етiп әр таңға.
Шөл далада желбiретiп шаштарын
билеп тұрар жел шайқаған фонтандар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үйлер

  • 0
  • 0

Замананың рух күшiн ашқандай,
үйлер, үйлер көтерiлiп аспанға
сөйлеп тұрар құдiреттi үндермен
бетондармен жазылған бiр дастандай.

Толық

Әурешілік

  • 0
  • 0

Ұмтылдым.
Жұлқындым.
Пайда таппадым.
Басқаша

Толық

Қайрау

  • 0
  • 0

Егер сен
Шаншылып қарап,
Кеудеңді керіп
Айтарыңды

Толық

Қарап көріңіз