Өлең, жыр, ақындар

Қалаларды сынақтан өткізу

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 309
Тау қойнауы,
тықылдап балға тынар.
Жүк шешiлiп сымдар да тарқатылар.
Көшiп келген бұл жерге машинамен
кiп-кiшкентай Ташкент, Алматылар.
Бiр жiгiт тұр –
токтарды тепкiзуде.
Ал бiреуi қопарғыш жеткiзуде.
Асығады бәрi де
қалалардың
макеттерiн сынақтан өткiзуге.
Бәрi дайын!
Бiр шнур жанып жатыр,
қопарғыш заттарды ол жарып жатыр.
Дәл астында кiшкентай қалалардың
жасанды жер сiлкiнiс болып жатыр.
«Жер сiлкiнiс» құтырды, өршелендi!
«Қаланың» үйлерi мен кеңселерi
толқынды теңiздегi кемелердей
теңселедi,
шайқалып теңселедi.
Аман болса, шiркiн-ай, бағына деп
қарап тұрмыз бiз болсақ жабыла кеп,
приборға қадалып қайта-қайта
ал бiреу тұр:
тағы да, тағы да деп.
Жол берместен үзiлiс, iркiлiске
бiтiрген-дi ол жобаны күн-түн iстеп.
Мiне, ендi кiшкентай қалалары
төтеп бердi тоғыз балл сiлкiнiске.
Үнi тынды ақыры «аласаттың»
Жеңiсi бұл ғылыми парасаттың.
Аман қалды үйлерi болашақтың,
аман қалды қаласы болашақтың!
Жоба иесi орнынан зорға тұрар,
балға қайта тықылдап,
ол да тынар...
Жатыр ендi монтиып тар қойнауда
кiп-кiшкентай Ташкент, Алматылар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыныштық туралы ой

  • 0
  • 0

Неткен тыныштық!
Торғайдың
Дәнді шоқығаны,
Өрмекшілердің

Толық

Қалай?

  • 0
  • 0

Мына жандардың
Қасиетті кісі жатқан
Қабірлердің қасынан
Аял етіп аят оқымай

Толық

Не боп кеттi дүние?

  • 0
  • 0

Дүние алжасты.
Елдер мен елдер
Бiрiн бiрi
Тозақтың iшiне тығып

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар