Өлең, жыр, ақындар

Қайтайын деп кезiп аң, құс мекенiн

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 321
Қайтайын деп кезiп аң, құс мекенiн
кеткен едiм ен далаға жеке бiр.
...Көкжиектен шөкiм қара бұлт шықты
сүйреп тартып жалба-жұлба етегiн.
Шыға келген көгiлдiр көк тұныққа
қарап қалдым,
қарап қалдым көз алмай
қорғасындай сол бiр ауыр бұлтқа.
Бұрқыраған дауыл менен жауынды ап
келедi әне ол төмен тартып бауырлап.
Көз алдымда
қара бұлт бiр шөкiм
бара жатты қорғасындай ауырлап.
Мейлi бiзге қандай жүк арт –
тартамыз!
Бiрақ бiздер, дегенмен,
қорғасындай ауыр бұлттан қорқамыз,
қорғасындай ауыр ойдан қорқамыз!
Деме маған:
неге босқа қорқасың.
Бiлер оны әр бiр бұта,
әр тасым, –
нөсерлетiп Отанымның үстiне
жауып тұрған төрт жыл бойы қорғасын.
Түнерiп бiр шыға келген қапталға
қарап тұрдым бұлт шыққан жақтарға.
Бiр жерлерде жарылыс боп ғаламат
соның саңырауқұлағы
аспанменен
жылжып келе жатқандай.
Қараймын да тыныштықты тiлеймiн,
бетiн әрi қылсын деймiн дүлейдiң...
Ал аспанда көшiп жүрдi сол бұлт
жалба-жұлба күркесiндей үрейдiң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төбелес

  • 0
  • 0

Қаланың қақ ортасында
Алаңның
Тап ортасында
Екi қазақ төбелесiп жатыр.

Толық

Күлтегін

  • 0
  • 0

Алдымен
Тұла бойынан
Бу менен дым бүрiккен
Алай-дүлей жел тұрды.

Толық

Жауабы жоқ сұрақ

  • 0
  • 0

Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Бағдаршамдардың көздерi

Толық

Қарап көріңіз