Өлең, жыр, ақындар

Жиырмасыншы ғасырым

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 401
Бiр ғаламат күшке ие боп жасырын
бұрқырадың,
қопарылдың,
тасыдың, –
күркiреген темiрлердiң даусымен
құдiреттi жиырмасыншы ғасырым.
Төсегiнде жатқызбайтын төзiмнiң
кейде өзiңнен суықтық та сезiндiм...
Дем алып тұр ағаштар да,
шөптер де,
бiрде ызғарлы,
бiрде ыстық
демiңменен өзiңнiң.
Сенi аралап кеткен күннiң әнi жүр,
сенi аралап кеткен күннiң қаны жүр.
Бетон киiп,
темiрменен құрсанған
сүйем сенi бәрi бiр.
Бiр кездерде күрсiндiрiп күлгендi
арсыздарға таптаттың сен гүлдердi,
бомба жарып үрейлi еттiң түндердi,
өткiздiң сен қабағына мұз қатқан
қырғи-қабақ күндердi.
Мен отырмын өзiңдi ендi мекендеп,
суықтықты жылытар кез жетер деп.
тiлеймiн кеп адамдардың арасы
суып кетпесе екен деп.
Жылытатын адамдардың арасын,
қала менен қалалардың арасын,
дала менен далалардың арасын
өтiнемiн, жиырмасыншы ғасырым,
айла тапшы!
Қайда асығып барасың!
Жауап күттiм мен өзiңнен сыр тартып, –
сан ойларға мың тұншығып,
мың қалқып, –
өткен кезде реактивтi самолет
тас төбемнен қырау тартқан сым тартып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыз бала

  • 1
  • 0

Дүниенi шабыт қып
түргiзетiн iргеңдi,
жас отауды жарық қып
балпанақтай ұл келдi.

Толық

Жыланмен арбасу

  • 0
  • 0

Түркістан аймағына
Әйгілі Әубәкір қари
Қаратаудың қойнауында
Сала құлаш

Толық

Қаскөйге

  • 0
  • 0

Сен — лаңсың!
Бірақ бәрі- бір
Қанша жұлқынсаң да
Тісіңмен тістеп

Толық

Қарап көріңіз