Өлең, жыр, ақындар

Құм көші

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 196
Үш күн бойы жатты сусып құм көшiп.
Күйдiрген соң тас төбеден күн тесiп,
кеуiп қалған мына дала тигiзсең
лап етердей оттың ұшқын бiлтесiн...
Үш күн бойы жатты сусып құм көшiп.
Сыбызғыдай үн шығарып сыңсыған,
ызыңдайды,
жылайды кеп қыңсылап,
су-су етiп суылдайды айналаң,
жатқан-сынды талғап жұтар су сұрап.
Кеуiп қалған уiлдеген үнiмен,
су сұрайды күнiмен де,
түнiмен.
Су сұрайды киiз үйдi қоршап ап
құмырадан,
құман,
шелек,
күбiден!
Жаңбыр жаумай бар нәрiмнен тоналдым,
жаңбыр жаумай бар әнiмнен тоналдым,
дегендей-ақ су сұрайды жалынып
аяғына оратылып адамның.
Су сұрады,
жалбарынды,
тiлендi.
Одан бiрақ шығара алмай түк ендi
кепкен селеу,
түскен iздi жұтып ап,
көшiп жатты,
көшiп жатты құм ендi.
Жататұғын арқан болып жондарда,
көрiнбейдi соқпақтар да, жолдар да –
көшкеннен соң көшейiн деп жөндеп бiр
түк алдырмай бәрiн жиып алған ба?!
Көшiп жатыр ызыңдап құм суырған,
жүйкең тозып,
тұла бойың дуылдап,
жаныңды жеп су сұраған мына үннен
кетедi ғой жүрегiң де суылдап.
Бозаң тартып төнген күн де төбеден
елек-сынды құм суырып елеген...
Жер бауырлап жетемiн деп суға ендi
көшiп жатты қызыл құмды төбелер.
Күрсiндiрiп кеудесiнен от демдi,
дегендей-ақ құмның зары батты ендi,
су-су етiп,
суыл қағып су iздеп
бүкiл дала жылжып бара жатты ендi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жапырақтарын шашады

  • 0
  • 0

Жапырақтарын шашады
қайыңдар жел кеп қаққанда, –
көктем мен жаздың жасауын
үстiнен шешiп жатқандай.

Толық

Машина бауырындағы ұя

  • 0
  • 0

Көктем. Көктем.
Жалт-жұлт еткен нұр қандай?!
Нұрды бiреу шашып алып тұрғандай...
...Ұя сапты қалған ашық гаражда

Толық

Жыланмен арбасу

  • 0
  • 0

Түркістан аймағына
Әйгілі Әубәкір қари
Қаратаудың қойнауында
Сала құлаш

Толық

Қарап көріңіз