Өлең, жыр, ақындар

Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 193
Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн.
Айтатұғын тiрлiктiң тар, кеңдiгiн,
жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн.
Дiр-дiр еттi ол сыбыр ма әлде, күбiр ме
жасын ойнап кеттi жасыл тiлiнде.
Көрдiм одан сиқыр сұлу өлеңдi
шық қондырып, күннiң нұрын сiмiрген.
Дегендей-ақ: өлер едiм, сөнер ем,
көрмегенде сен егер,
топырақ пен жаңбыр иiсi аңқыған
дәл алдымда сөйлеп тұрды сол өлең!
Сөйлеп тұрған тағдырлардың атынан,
сөйлеп тұрған жаңбырлардың атынан,
жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн
ұйқасы бар,
ырғағы бар,
оты бар!
Өлең көрдiм –
тұман менен самалдан,
қуаныш пен көз жасынан жаралған.
Туамын деп өртеп сенi,
жанды жеп
сол бiр өлең шақпақ тастай жарқ етiп
жапырақтан
жүрегiме қонды кеп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер шары

  • 0
  • 0

Сенi бiз
Анамыз деймiз.
Сен үшiн
Күйемiз, жанамыз деймiз.

Толық

Жылау

  • 0
  • 0

Ішек-қарыны ақтарылып,
Тұла бойына у құйылған, –
«Елім-айлап»! —
Ғаріп Қаратау жылады.

Толық

Қайтейiн, қолымнан келмейдi

  • 0
  • 0

Қазағымның
Жүретiн жолының бәрiне
Айдың сәулесiн төсеп
Жарық етiп қояр ем;

Толық

Қарап көріңіз