Өлең, жыр, ақындар

Мақтаншақ

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 259
Дәйегi жоқ дәлел айтып қаптаған
мысығын да,
күшiгiн де мақтаған,
дүниенiң кiндiгi боп бiр өзi
өзiне-өзi сыймай бара жатты адам.
Бәрiне де аспандап кеп қараған
айналды да ғұлама бiр данаға
өз-өзiнен iсiп-кеуiп қабынып
үйiне де сыймай кеттi сол адам.
Сыймай кеттi –
билiк айтып жалғанға,
көпiрдi ауыз,
сермелдi кеп қолдар да.
Үйдiң iшi тарлық етiп, ақыры
бiр-ақ шықты стадион, залдардан.
lлестi де биiк сөздi ағынға
lсiп-кептi кеуде менен қарын да.
Тарлық еттi осыншалық дарынға
стадион, залың да.
Бөскен адам –
тоқтамай-ақ бөсе ме,
мақтан сөздi төктi-ай келiп еселеп.
Тар болған соң стадион, залдарың
шығып кеттi ол көшеге.
Ойына алмай келер күн мен өткендi
оның ендi тым аспандап кеткен-дi.
Құр кеудеге ауа толып шiреген
көшеге де сыймай бара жатты ендi.
Бiр әлемет болады ғой асқанға,
бiр әлемет болады ғой тасқанға.
Жел соқты да ауа толған кеуденi
шар құсатып алып кеттi аспанға.
Салмағы жоқ сол адамды ақыры
алып кеттi желдiң дүлей ағыны...
Ұшып жүрiп шыңға барып соғылып
кеттi ол ендi жарылып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктайғақ

  • 0
  • 0

Жердің үсті
Шыны қаптағандай
Көкпеңбек.
Аяз қысып тұрса да —

Толық

Күлтегін

  • 0
  • 0

Алдымен
Тұла бойынан
Бу менен дым бүрiккен
Алай-дүлей жел тұрды.

Толық

Қобыландым қолбала болды

  • 0
  • 0

Сойым мен кескегiм
Жыртылған қайыққа
Ескек болды.
Қобыландым қолбала,

Толық

Қарап көріңіз