Өлең, жыр, ақындар

Ана тілім

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 271
Жатар қанды аралап
құдiрет бар үнiнде, –
ұлы тiлдер сияқты
қуатқа ие ғаламат
менiң ана тiлiм де!
Туған жер мен жұртыңа
арнағанда жыр құрап
жатады одан, шiркiн-ай,
жусан иiсi бұрқырап.
Керек кезде тiлiмдеп
найзағай боп қамшылар;
менiң ана тiлiмде
Алтай менен Алатау,
Атыраудың дауысы бар.
Жарқыраған жанып бiр
жүректi алған өрiс қып,
жатыр онда алып бiр
Сарыарқадай кеңiстiк.
Кiм, қанеки, шыдаған
тұра алады қай кiсi?!–
сөз алса егер халқымның
«Елiм-айлап» жылаған
Қаратаудай қайғысы.
Келер күнге қарсы ағып
жүрек ойдан қозғап бiр
менiң ана тiлiмде
бозторғайлар ән салып,
аруаналар боздап тұр.
Бәрi де бар тiлiмде,
дауысы бар өмiрдiң.
Бар ғой онда бүгiнде
берiктiгi бетонның,
тегеурiнi темiрдiң.
Ұша алады ол көгiмде
жылдамдықпен ғарыштық.
Менiң тiлiм көгiлдiр
алған қазiр эфир мен
экранды қоныс қып.
Әр сөзiнен жанып от,
туысы боп бар тiлдiң,
ана тiлiм соғып тұр
ожданы боп, ары боп
жүрегiнде халқымның.
Жатыр қанды аралап
құдiрет бар үнiнде, –
ұлы тiлдер сияқты
қуатқа ие ғаламат
менiң ана тiлiм де!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әй, опасыз уақыт-ай!

  • 0
  • 0

Күні кеше ғана —
Басына таңертең
Өрмелеп кеткен адам
Кешке бір-ақ түсетін —

Толық

Туған жер топырағы

  • 0
  • 0

Қарап тұрды –
қарт тарих боп тауларым,
қарап тұрды –
әлi атпаған таңдарым.

Толық

Қаншама ғасыр

  • 0
  • 0

Қаншама ғасыр,
қаншама дәуiр өтсе де
тастамай қалам,
қайласын, ине, ұршығын,

Толық

Қарап көріңіз