Өлең, жыр, ақындар

Шоқан

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 655
Ел аузында Шоқан бiртiндеп әсер ететiн удан өлдi деген күдiк-болжам бар.

Болсын мейлi тұманы,
бұл сөзден сен үрiкпе.
Ақиқаттан туады,
кейде болжам, күдiк те!
Өзiңдi өзiң қамайсың,
табамын деп iлiгiн, –
әрiгерек қарайсың,
болса ойыңда күдiгiң...
Мұны бiрақ бiлiп қой,
дейдi бiр ой жанымда:
күдiк аты күдiк қой,
дәлелiң жоқ қолыңда!
Күдiк аты күдiк қой,
болмаған соң дерегiң.
Дейдi сол ой: бiлiп қой –
дәлелiң жоқ, дәлелiң.
Сендiретiн сенi бiр
дәлелiм жоқ,
дегенмен
Шоқан бiрақ бәрi бiр,
удан өлдi дер ем мен.
Сол бiр қатер сапардың
жолын ойлап бүрлiктi ой,
өз халқы үшiн Шоқанның
күйiнгенi шындық қой.
Жүрегiңе батар мұң
жанды жесе бiр ащы ой.
Өз халқы үшiн Шоқанның
жылағаны рас қой.
Шоқан-жалын шарқ ұрып,
бәрiн айтып ақтарған.
Қамын ойлап халқының,
дәл жүректен соққы алған.
Содан мұңға батқан ол
iшiмде деп бар iндет.
Төсек тартып жатқан ол,
запыран у жанын жеп.
Қалай тұрсын құламай...
бәрiнен де суыған.
Шоқан өлген
шыдамай
Қасiреттiң уынан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айығып кетер ме екен?!

  • 0
  • 0

Дәл қазiр
Жерiм де ауру,
Елiм де ауру.
Жерiм –

Толық

Ерегес

  • 0
  • 0

Айтпаймын!
Айтсам –
Дегенiмнен қайтпаймын.
Мейлi

Толық

Өртеніп жатқан ағаш

  • 0
  • 0

Сұмдыққа мынау бастаған
қалайша жаның жылымас, –
найзағай түсiп аспаннан
өртенiп жатты бiр ағаш.

Толық

Қарап көріңіз