Өлең, жыр, ақындар

Құрық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 416
Қара тасты тозаң ғып,
бiр-ақ ырғып кермеден,
жүрген небiр асаулық
күнге қарап кiсiнеп,
жарысатын желменен.
Ұшқанда кеп ағылып,
қамалды етер талқан қып,
жатқан онда тағылық,
тәкәппарлық, тарпандық.
Екi көзден жас парлап,
жол бермеген тасқынға...
Екпiнiнен үлгермей,
ұша алмастан қасқалдақ,
қалған тұяқ астында.
Кетер көздi қарып-ақ,
сол тәкәппар, тарпаңдық...
Жүрер жiгiт жанып-ақ,
тектi асаудың жалынан
бiр ұстауды арман ғып.
Қазақ, қазақ бола ма
жүйрiк көрiп жанбаса!
қазақ, қазақ бола ма
ауыздықтап асауды,
ерттеп мiнiп алмаса!
Кiм дәметпес үмiттен
белгiлi ғой бұл ұғым
Шыққан сонсоң жiгiттер
қолына алып құрығын.
Сол сұлулық сиқырлап,
шоқ тастаған жанына.
Сонан кейiн жан-жақтан
түсiп берген қиқулап
тектi асудың соңына.
Ұшқан асау шын қызған,
ырғып өтiп кермеден,
құйрықты бiр жұлдыздай,
аққан екен жерменен...
Айлакерлiк тығылып,
алдан шығып қайырған.
Ақырында құрығы
түскен iлiп мойыннан.
Асау сонда бұлқынып,
қарулы қол басқанда,
кiсiнеп кеп ұмтылып,
атылған ғой аспанға.
Бұғау салып тезiнен,
байлап, матап қинаған...
...Кеңiстiктiң өзiне
асаулығым симаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы қала кеші

  • 0
  • 0

Сағат алты,
кешкi сәт.
Симастан көше, алаңға
шұбырып кеттi көш құсап

Толық

Балалар бақшасында

  • 0
  • 0

Бұған келсең – шын бақытты сезер ең,
сезер ең де жаман ойдан безер ең.
Шулап жатқан балалардың бақшасы
ғажап әлем,

Толық

Қауіп

  • 0
  • 0

Сөздер айтып тiкенектi, түрпiлi
жинап былай қойдық бiздер күлкiнi.
Жаман болып бара жатыр арамыз
соқтығысып қалармыз-ау бiр күнi.

Толық

Қарап көріңіз