Өлең, жыр, ақындар

Жырау

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 359
Түсiнбес оны тыңдап,
қарамаған!
Сездермен өткен күндi аралаған
от бүркiп,
жалын шарпып,
көз алдымда
қып-қызыл өртке айналып барады адам.
Бiр сөздер бiр сөздердi ала қашып,
бiр сөздер бiр сөздермен араласып,
бiр сөздер топан екпiн арасында
барады найзағай боп жағаласып.
Аспаннан атқылатып отты бұршақ
кенеттен шыға келер ақ күн ұстап.
Үстiне темiр сауыт киген сөздер
айқасып шақұр-шұқыр жатты бiр сәт.
Сан пiкiр,
сан ойлардың құлпын ашып,
сөздер-ай, жатқан мына жұлқыласып.
Келiспей,
кенет қайта табысады
бiр сөздер бiр сөздермен шұрқырасып.
Бiр сөздiң, өртеп менi күн аптабы,
бiр сөздiң жылағаны шыдатпады.
Барады жүректi илеп
тұлпар сөздiң,
сатырлап түсiп жатқан тұяқтары.
Сөздердiң, алай-дүлей құйынына
iлесiп,
тарттым дала қиырына.
Көтерiп кеттi менi палуан сөз
салып ап долы қуат иығына!
Шыдамай мына алапат жыр-дауылға
ойлардың оратылдым шырмауына.
Сонан соң түпсiз терең жеткiзбейтiн
сөздердiң түсiп кеттiм шыңырауына.
Түсiнбес оны тыңдап,
қарамаған!
Сөздермен өткен күндi аралаған
от бүркiп, жалын шарпып
көз алдымда
қып-қызыл өртке айналып барады адам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауылдан соңғы көрініс

  • 0
  • 0

Дауылдан кейін
Алып Қаламыз
Айра-жайра боп
Шашылып қалған...

Толық

Орақ пен балға туралы жыр

  • 0
  • 0

Кешегі ұранымыз —
Өткеніңе қаратпайтын! –
“Алға!” “Алға!” болды.
Елдік таңбамыз

Толық

Бұрынғыдан терең тартып тереңiм

  • 0
  • 0

Бұрынғыдан терең тартып тереңiм,
бұрынғыдан жасыл тартып желегiм
кеттi әйтеуiр өзгеше боп,
басқа боп

Толық

Қарап көріңіз