Өлең, жыр, ақындар

Өкініш

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 291
Өсек айтып отыр екi азамат!
Тек өздерiн сүттен ақ қып тазалап,
қалған жұртты сырттан соттап, жазалап
тiрi жанды жерге берiп азалап,
өлi жанның әруағын мазалап
өсек айтып отыр екi азамат!
Әлдекiмнен тауып алып «шикiлiк»
қызынады, қызарақтап итiнiп.
Күйген көне шүберектей бықсиды
екеуiнен бейшаралық, күйкiлiк.
Сөйлейдi олар –
әлденеден тарылып,
сөйлейдi олар –
әлденеден қағынып.
Сөйлейдi олар былғаныш пен балшыққа
белшесiнен малынып.
Талай жанды сарсылдырып құлатқан
олар ендi жаңа өсектi шұбатқан...
...Екеуiнiң әйелдерi бiр шетте
әрең отыр өлердей боп ұяттан.
Бәрiн былғап, дүниенi адақтап,
тек өздерiн отыр олар мадақтап.
Көз қызарып ақ көбiк боп ауыздар,
тiлдер кеткен жерге түсiп салақтап.
Сезбей тiрлiк ызғары мен аптабын
бөстi келiп даналық деп оттауын...
Отыр олар ел бүлдiрер сөз айтып,
ел атынан сөз айтатын шақта бұл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соңыма түскен бұлт

  • 0
  • 0

Өгем тауының басында
Құрттап кеткен
Қар көрдім.
Сол бір

Толық

Жылау

  • 0
  • 0

Ішек-қарыны ақтарылып,
Тұла бойына у құйылған, –
«Елім-айлап»! —
Ғаріп Қаратау жылады.

Толық

Картаға түспеген өзендер

  • 0
  • 0

Жоқ олар әлемдiк картада.
Шықпаған атағы асқақтап,
сыймаған тарылған масштабқа;
құмайттан, шөлейттен қашқақтап,

Толық

Қарап көріңіз