Өлең, жыр, ақындар

Ауру ағаш

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 305
Дерт тапқан ба –
қатерi бар жауыннан?!
Дерт тапқан ба –
қатерi бар дауылдан?!
Базары жоқ, ажары жоқ, көркi жоқ
жап-жас ағаш тұр алдымда ауырған.
Кететұғын кезде мынау бұрқанып
бұтақтарын әрең қозғап тұр талып.
Қысылады-ау байғұс ағаш –
тершидi –
денесiнен өттей жасыл су тамып.
Оның ендi күңгiрттенiп аспаны
тұла бойы ауыр тарта бастады...
Бұрқырап-ақ тұратұғын кезiнде
iрiп түсiп жатыр жасыл шаштары.
Сыбыр-сыбыр сыбырламай, үндемей
тынып қалған жыр-көмей де, үн көмей.
Өтiп бара жатыр мына өмiрден
ең болмаса бiр рет те гүлдемей.
Мұңын оның жүрегiңе құясың,
қалай оны жамандыққа қиясың?!
Өтiп бара жатыр ендi
бiр рет
тербетпестен құстың ыстық ұясын.
Тұла бойы арса-арса боп сөгiлген,
теңселедi ол үнсiз ғана егiлген.
Ғашықтарды паналатпай бiр рет
өтiп бара жатыр ендi өмiрден.
Өн бойынан қашып тiрлiк сарыны,
бәсең тартқан ұлы өмiрдiң ағыны.
Сөнiп бара жатыр ендi жарығы,
семiп бара жатыр ендi тамыры.
Есiттiң бе ажал-сұмның ызыңын.
Бiттi, бiттi! –
жырым сынып, үзiл үн! –
көктей солып бара жатыр осы ағаш
көре алмастан бұл өмiрдiң қызығын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хал

  • 0
  • 0

Білмедім:
Кім ұтылып,
Кім ұтуда?
Білгенім:

Толық

Махамбетше шамырқану

  • 0
  • 0

Сен менiмен
Тепсiнiп келiп,
Тебiнгi қағысып
Теңескiң келедi.

Толық

Көше мүйісіндегі жалғыз ағаш

  • 0
  • 0

Дау-дамайдан адастым
Өзiмше ой кешемiн, –
Дегендей-ақ ағаш тұр
Мүйiсiнде көшенiң.

Толық

Қарап көріңіз