Өлең, жыр, ақындар

Түсініксіз хал

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 191
Бiткен-сынды сүйенетiн тiрегiм,
қан-сөлi жоқ сұп-сұр болып реңiм
ойдан қажып,
жүйкем тозып қалжырап
бейуақта есеңгiреп тұр едiм.
(Мұны айтқанда салып тұр деп айлаға,
өтiнемiн, ойлама сен, ойлама)!
Көз алдымда аппақ қарға оранып,
аппақ болып жатты дала айнала.
Сыздап сығып жан-жүректiң жарасы
бiр дерт менi тартты терең, қарашы! –
аппақ әлем боз тұманға сiңдi де
қосылды ғой аспан мен жер арасы.
Не боп кеттi! –
Түсiнбейтiн ешкiм де
басқа тiрлiк,
басқа әлемге түстiм бе? –
келе жатыр қара жылан қап-қара
сумаң қағып аппақ қардың үстiнде!
Төзiмiңдi,
шыдамыңды сақта да
қозғалма сен, қимылдама аттама!
Маған қарай келе жатыр ақ қарда
қара жылан,
қара жылан
қап-қара!
Қалдым неге,
қалдым неге араңдап?
Қалай бұдан аман шығам амалдап?!
Қап-қара iзi қалып ақ қар үстiнде
айыр тiлi сумаңдайды жалаңдап...
Кеттi кенет, кеттi кенет көрiнбей!
ызғар сездiм сол сәттен мен өлiмдей...
Көз алдымнен бiр кетпестен тұр әлi
аппақ қар мен қара жылан көмiрдей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі тұман

  • 0
  • 0

Қалың тұман ішіндегі
Алып Алматы
Алатауды жастанып
Түс көруде.

Толық

Тұтқынға түскен көк түрік аруының зары

  • 0
  • 0

Ой, Тәңiрi-ай!
Күнi кеше ғана
Таудың тас емшегiн иiтiп
Алтын шайып ағатын

Толық

Сарыарқадағы сақылдаған сары аяз

  • 0
  • 0

Мына сары аяздың
Тісіңді тісіңе тигізбей
Сақылдауын-ай.
(Апыр-ай,

Толық

Қарап көріңіз