Өлең, жыр, ақындар

Абылай хан

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1132
Уа, Абылай, хан ием!
Асқар таудай алып ең,
қазағым деп жанып ең,
қазағым деп налып ең;
тосылғанда қалың ел
өзiңдi өзiң танып ең,
жауға жалғыз шауып ең,
Уа, Абылай, хан ием!
Уа, Абылай, хан ием!
Саған айтар дерегiм:
толқын соққан алапат
тағдырындай кеменiң
теңселiп тұр өр елiң!
Бұған қалай көнемiн!
Жерiң жатыр тоналып,
елiң жатыр қаналып,
тауың жатыр таланып,
далаң жатыр қамалып!
Уа, Абылай, хан ием!
Жоқ сөзiмде бұлтағым, –
түнге айналып тұр таңым, –
дiннен бездi ұрпағың,
тiлден бездi ұрпағың.
Ұмыт болып ұраным,
қорлық көрдi жыр, әнiм.
Тартылып бар бұлағым,
тапталды ғой құрағым.
Уа, Абылай, хан ием!
Қорғаным ең,
бағым ең.
Қаптап келген жауларды
қалқан болып қағып ең,
найзағай боп жарып ең,
Уа, Абылай, хан ием!
Талқан етiп тұғырды,
басым менiң бүгiлдi,
жаным менiң түңiлдi,
көтере алмай жүрмiз бiз
сенiң аппақ туыңды.
Итi сарып көрiме,
уын сеуiп көгiме,
қол салып тұр жерiме –
босағада жүргендер
шығып алды төрiме!
Үмiт,
арман қырқылып,
бiр жығылам,
бiр тұрып.
Жарылыстардан қақырап –
базардағы матадай
далаң жатыр жыртылып!
Уа, Абйлай, хан ием!
Алыстаған бiр кезде
өзiңе ендi жақынбыз.
Десек те бiз:
пақырмыз,
кешегiден батылмыз,
кешегiден ақынбыз.
Бостандық деп,
теңдiк деп,
жағаласып жатырмыз,
жанталасып жатырмыз!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аптап күні жазылған өлең

  • 0
  • 0

Аптап күн бұл –
бұрын-соңды көрмеген.
Жалын ұрар вулкан-сынды сөнбеген.
Жерге түсiп аспан мынау айналып,

Толық

Магнитті құйын күні жазылған өлең

  • 0
  • 0

Бiр әлемет болып тұр –
өлең жасық, бұйығы үн –
үйiрiлiп соғып тұр
магниттi құйыным.

Толық

Түнгі өлі көл жағасында

  • 0
  • 0

Таусылады бiр шыдам!
мына көлдiң, –
қарашы! –
Қорғасындай жаншыған

Толық

Қарап көріңіз