Өлең, жыр, ақындар

Тоналу

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 353
Ешкiм әлi тоналған жоқ дәл мендей.
Бiттiм әбден,
дiңкем құрып өлердей.
Арғы-бергi дүниеде,
сенсеңдер,
ешкiм әлi тоналған жоқ дәл мендей.
Өзiмдi өзiм –
теңеушi едiм алауға,
Өзiмдi өзiм –
теңеушi едiм жалауға.
Ар-ұятсыз әлдекiмдер келдi де
түстiм сұмдық тонау менен талауға.
Өшiрем деп сенiң дауыс,
үнiңдi,
Қырқамын деп тамырыңды,
түбiңдi,
көмейiмдi өңешiммен суырып,
тонап алды дiнiм менен тiлiмдi.
Қалдым қатып сор даладай қақталып,
қалдым жатып сор маңдайдай тапталып,
ән-жырымды тонап алды сонан соң
жаным менен жүрегiмдi ақтарып.
Еңсенi езiп,
еңкейттi де бойымды
тонап алды мерекемдi,
тойымды.
Тонап алды ақылымды,
санамды,
тонап алды сезiм менен ойымды.
Ең сұмдығы,
шырқыратып жанымды,
тонап алды кеудемдегi шамымды, –
Содан берi бiлмей жүрмiн, –
сенделiп, –
жүре-тұғын,
бара-тұғын жағымды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Магнитті құйын күні жазылған өлең

  • 0
  • 0

Бiр әлемет болып тұр –
өлең жасық, бұйығы үн –
үйiрiлiп соғып тұр
магниттi құйыным.

Толық

Құбылыстар мен бұрылыстар

  • 0
  • 0

Құбылыстары мен
Бұрылыстары көп
Заман бұл.
Шиыр-шиыр

Толық

Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн

  • 0
  • 0

Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн,
таусылмаса бiтпегенi жарығың.
Өмiр қысқа деп ойлайды –
кiм болсын –

Толық

Қарап көріңіз