Өлең, жыр, ақындар

Сөз

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 415
Мұндай кезде –
(сақтанам!),
қарау керек көздi ашып, –
дүниенi қаптаған
бара жатыр сөз басып...
Құлақ бiтiп тұнады –
батар соның күйiгi –
Ұйықтап,
бұрқап тұрады
сөздiң ала құйыны.
Соның шығып шатағы,
Соның келiп басты үнi...
Алып бара жатады
сөздiң қара тасқыны.
Бiтiспейтiн керiсiп,
келiп тұр-ау кез жұтаң...
Су орнына сөз iшiп,
ауа орнына сөз жұтам!
Жоғы ғой бұл амалдың,
түсiн, мейлi,
түсiнбе! –
Уы жатыр заманның
ол сөздердiң iшiнде.
Сол сөздерден қызынып
кеудем,
алқым iседi.
Қан құтырып,
бұзылып
жанға жара түседi.
Содан кейiн қаңғырып,
қасiретке батамыз –
сөзден дертке шалдығып,
сөзден өлiп жатамыз.
Тiрлiк,
iс те өзгерген!
Сөз айтамыз құлшынып.
...Жатыр қазiр
сөздерден
өлген адам түршiгiп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасыл тыныштық

  • 0
  • 0

Күн ыстық.
Айналам
жасыл тыныштық.
Жанарың қай жақты қармасын

Толық

Байшыкеш

  • 0
  • 0

Мына кiсi
Болған екен.
Толған екен.
Найқалып

Толық

Ақтабан шұбырынды

  • 0
  • 0

Ақтабан шұбырынды...
Кiм бiлер шығынымды?
Кiм жалғар айтыңдаршы,
үзiлген жұлынымды?

Толық

Қарап көріңіз